Банктер ауыл шаруашылығын 400 млрд теңгеге жуық несиеге берді, деп хабарлайды LS.
Ұлттық банктің мәліметінше, 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ауыл шаруашылығына берілген несие көлемі 397 млрд теңгеден асты. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 12,8% немесе 45,4 млрд теңгеге өсті.
Несие портфеліндегі басым үлесті ұлттық валютадағы несиелер құрайды. Олардың 395,4 млрд теңгесі, ал қалғаны шетел валютасында 2,2 млрд теңгені құрайды.
Өңірлік тұрғыда Алматы қаласы көш бастап тұр, онда ауыл шаруашылығын несиелендіру 209,4 млрд теңгені (+35%) құрайды. Одан кейінгі орында Қостанай және Ақмола облыстары – сәйкесінше 35,3 млрд теңге (+3,2%) және 26,8 млрд теңге (-7,5%).
Сондай-ақ несиелердің жоғары үлесі СҚО-ға – 19,8 млрд теңге (-0,05%) және Астанаға – 13,7 млрд теңге (-26,3%) келеді.
Несие берудің ең аз көлемі Ұлытау облысында 659 млн теңге, Маңғыстау облысында 1,2 млрд теңге.