Кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мүмкіндігін болдырмау үшін банкрот деп жарияланған азаматтар үш жыл бойы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің бақылауында болады.
Министрлік «Ашық НҚА» тақырыбына борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидаларына тиісті түзетулер енгізді.
Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстық және қалалық бөлімшелері банкроттардың жаңа мүлікке ие болу фактілеріне мониторинг жүргізіп, «борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару белгілерінің болуы туралы қорытындылар» береді. Банкроттық рәсімі ұзартылған жағдайда бақылау мерзімі ұзартылуы мүмкін.