2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 103 эмитенттің 117 акциясы болды, оның ішінде 46 шығарылым KASE Global секторында айналымға жіберілді, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы.

2022 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша KASE индексі 2674,7 тармаққа дейін 0,5%-ға ұлғайды, ең көп ұлғаю «Банк ЦентрКредит» АҚ (13%), «Kcell» АҚ (10,27%), «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ (7,2%) акциялары бойынша орын алды.

Акциялар нарығын капиталдандыру 2022 жылғы маусымда 1,4%-ға немесе 0,3 трлн теңгеге төмендеді. Төмендеудің негізгі үлесі индекстік компанияларға сыртқы конъюнктураның нашарлауы аясында олардың акцияларының бағасын түзету есебінен тиесілі болды. Акциялар нарығын капиталдандырудың төмендеуі 2022 жылдың басынан бастап 27,4% немесе 7,9 трлн теңгені құрады.

Ағымдағы жылғы маусым айында акциялармен сауда-саттық көлемі мамыр айына қарағанда 64,6%-ға немесе 7 млрд теңгеге ұлғайып, 9,8 млрд теңгені құрады.