Статистика бюросының дерегінше, мамыр айында балмұздақ пен жеуге жарамды мұз өндірісі 7,2 мың тоннаны құрады. Бұл сәуір айымен салыстырғанда 39% (2 мың тонна) артық. Қазіргі деңгей 2016 жылдың шілдесінен бергі ең жоғары көрсеткіш.

Әдетте, балмұздақ өндірісі тек сәуір айында ғана көтеріле бастайды, бұл маусымдық сұраныстың артуына байланысты. Ал шыңы маусым-шілде айларында.

Биыл іс жоспардағыдай болмады. Наурыз айының соңына қарай өндіріс 3,8 мың тоннаға жетті. Көктемнің басындағы мұнша өнім соңғы 11 жылда өндірілмеген. Сәуір де тарихи жоғары болды – 5,2 мың тонна.

Жалпы, қаңтар-мамыр айларында өндіріс былтырғы деңгеймен салыстырғанда 40% (5,7 мың тонна) өсіп, 19,7 мың тоннаны құрады.

Дегенмен, өндірістің көбеюі әлі балмұздақ бағасының төмендеуіне әкелген жоқ. Керісінше, мамырда 5% қымбаттады (сәуірмен салыстырғанда +3,5 пайыздық тармақ). Бір жыл ішінде салқын десерт 32,7% қымбаттады.