(2021 жылғы тамызда 2021 жылғы шілдемен салыстырғанда азық-түлік 0,1%, азық-түлік емес тауарлар 0,6%, ақылы қызметтер 0,8% қымбаттады, деп хабарлайды Статистика агенттігі.

пайызбен, өсуі

  2021 жылғы тамыз 2021 жылғы қаңтар-тамыз 2020 жылғы қаңтар-тамыз
2021 шілдеден бері 2020

желтоқсаннан бері

2020
тамыздан бері
2015

желтоқсаннан бері

Тауарлар мен қызметтер 0,5 5,8 8,7 46,6 7,6
Азық-түлік тауарлары 0,1 7,5 11,4 60,9 10,7
Азық-түлік емес тауарлар 0,6 5,2 7,3 47,8 6,3
Ақылы қызметтер 0,8 4,4 6,6 28,6 4,9

Бағаның өсуі басты пиязға – 7,6%, қырыққабатқа – 6,5%, құс етіне – 3,7%, күнбағыс майына – 2,2%, жылқы етіне – 2%, қарақұмық жармасына – 1,8%, қой етіне – 1,5%, макарон өнімдеріне, кондитерлік өнімдерге – 1,3%-дан, шошқа етіне, пастерленген сүтке – 1,1%-дан, шұжық өнімдеріне – 1%, ұнға – 0,8% сиыр етіне, шайға, нанға 0,7%-дан белгіленді. Минералды және ас су – 1,8%, алкогольды сусындар – 0,8%, темекі өнімдері 0,6% қымбаттады. Бағаның төмендеуі картопқа – 11,5%, жаңа жиналған көкөністерге 9,7% тіркелді.

Баға өсімі ранецке, оқушылардың рюкзагына – 6,4%, кеңсе тауарларға – 3,9%, балалар аяқ киіміне – 2%, балалар киіміне – 1,9%, құрылыс материалдарына – 1,6%, ыдысқа, жиһаз және үйге қажетті заттарға, тоқыма бұйымдарына – 0,7%-дан, жеке қолданылатын тауарларға – 0,6%, тұрмыстық аспаптарға 0,5% құрады. Баллондағы сүйытылған газ – 2,8%, дизель отыны 1,3% қымбаттады.

Баға деңгейі тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтерге – 2,3%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 1,1%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 1%, шаштараздар мен сұлулық салондар қызметтеріне 0,6% жоғарылады. Таксимен жол жүру ақысы – 1,9%, қалааралық автобуспен 0,8% қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4%, суық суға, суды бұруға 0,6%-дан жоғарылады.