Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, шілдеде шетелден 16,7 мың жеңіл автокөлік әкелінген. Бұл бір жыл бұрынғыдан 4 есеге жуық немесе 12,2 мың бірлікке артық. Көрсеткіш 6 ай қатарынан өсуде.
Жалпы, 7 айда Қазақстан былтырғымен салыстырғанда төрттен бірге көп – 82,7 мың автокөлік әкелді. Былтыр осы уақытта көрсеткіш 67,4 мың болған.
Қытайдан жыл басынан бері 26,5 мың (+22,1 мың) көлік импортталды.
- АҚШ-тан – 17 мың (+12,8 мың);
- Жапониядан – 16,5 мың (+8 мың);
- Корея Республикасынан – 10,5 мың (+3,4 мың);
- Германиядан – 2,9 мың (+2,5 мың).
Бір қызығы: Ресейден автокөлік импорты жоғалып кетті деуге болады. Жыл басынан бері 300 шақты көлік әкелінген. Ал бір жыл бұрын 7,4 мың болған еді. Есесіне Қазақстаннан Ресейге автокөлік экспорты, керісінше, 0,9 мыңнан 8,6 мыңға көбейді.
Шілдеде шетелдік автокөлік әкелуге 357,1 млн доллар жұмсалды. Бір жыл ішінде 3 есе немесе 243,6 млн долларға өсті, бұл да жаңа тарихи максимум. 7 айдың қорытындысы бойынша импорт көлемі 1,79 млрд долларға жетті.
Жапония Қазақстанға 538,3 млн доллардың көлігін сатты (+ 187,7 млн доллар). Екінші орында Қытай –441,8 млн доллар (+ 389,1 млн доллар).
- АҚШ – 281 млн доллар (+ 210,9 млн доллар);
- Германия – 155,4 млн доллар (+ 126 млн доллар);
- Корея Республикасы – 153,2 млн доллар (+ 115,1 млн доллар).