Қазақстанда жақын арада сұйытылған газ бағасы көтеріледі деп күтілуде, деп хабарлайды LS. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
«Қазір газдың бағасы өңірлерге қарай өзгеріп отырады. Бірінші рет көп құымбаттамайтыны анық. Менің ойымша, 5-10 теңге, одан көп емес, әлеуметтік жағдайға байланысты. Үкімет БҚДА, депутаттармен бірге кезеңді анықтайды, сосын үш ішінде, мүмкін төрт, мүмкін екі жыл ішінде нарықтық бағаға көшеміз. Осы уақыт ішінде есептеп, сіздерге осы баға динамикасын береміз», – деді.
Сәтқалиев бағаның қашан көше бастайтыны туралы айтты.
«5-10 теңгеге өсім алдағы екі-үш айда болуы мүмкін», – деп болжайды министр.
Оның айтуынша, қазір 50 теңгеге сатылып жатқан газдың өзіндік құны 70 теңге екенін айтты.
«Компаниялар шығындалып жұмыс істеп жатқаны анық. Салыстыру үшін: Ресейде баға екі есе жоғары, шамамен 120 теңге, Тәжікстанда 177 теңге. Нақты нарықтық баға бар. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, сұйытылған газды көлік отыны ретінде пайдалануды ынталандыру мақсатында елдер бензин бағасының 70% коэффициентін қолданады. Олай болса бұл ақылға қонымды экономикалық механизм. Қазақстанда алшақтық айтарлықтай, ал қазір көліктерді газға ауыстырып жатқандар бағаның өсетінін түсінуі керек», – деді Сәтқалиев.