Air Astana ішкі рейстер үшін экономсанаттың максималды тарифын 2021 жылдың 1 қазанынан бастап 10% төмендетеді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Осы орайда әуе компаниясы өзінің негізгі серіктестерінің, соның ішінде Алматы халықаралық әуежайының да бағаны өсірмей тұра тұруын күтеді.
"1 қазаннан бастап Қазақстан бойынша экономсанаттың максималды тарифы 10% арзандайды, сонымен қатар тұрақты макроэкономикалық жағдай болса билеттердің кемінде 70%-ы төмен және орташа тарифте сақталады", делінген хабарламада.
Бұдан бөлек Air Astana ішкі бағыттарға бағажсыз тариф енгізбекші.