Геологиялық барлау және тау-кен өндіру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен Ауғанстанның Мұнай және кен орындары министрі Шахабуддин Делавар талқылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады. Келіссөздерге ERG Exploration және Қазақмыс Барлау компанияларының өкілдері қатысты.
Бірлескен жобаларды анықтау және оларды жүзеге асыру үшін тараптар екі елдің мамандары арасынан техникалық комитет құруға келісті. Бастапқы кезеңде ауған тарапы перспективалы кен орындары мен тиісті зерттеулер белгіленген карталарды Қазақстанға береді.
«Ауғанстан аумағында тау-кен өндіруге үлкен әлеует бар. Елімізде мұнайдың, табиғи газдың, көмірдің, темір және түсті рудалардың, сирек жер металдарының бай қоры бар, деп атап өтті баспасөз қызметі. - Мұнайдың, газдың және қатты пайдалы қазбалардың қомақты қорларына ие Қазақстан көп жылдар бойы құрылыс-монтаждау жұмыстары, ұңғымаларды жөндеу, сараптама, зертханалық жұмыстар саласында шетелдік жеткізушілермен еркін бәсекелесе алатын мұнай сервистік және өндіруші компаниялардың кәсіби пулын қалыптастырды».
Қазақстанда геологиялық барлауға жеке инвестицияның артуы байқалады. Атап айтқанда, соңғы бес жылда қатты пайдалы қазбаларды барлауға салынған инвестиция 2,5 есеге – 2018 жылғы 33,9 миллиард теңгеден 2023 жылы 82 миллиард теңгеге дейін өсті.