Энергетика министрлігінің сарапшылары Қазақстанда атом электр станциясын салу мүмкіндігін зерттейді, деп мәлімдеді энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков баспасөз мәслихатында.
"Мемлекет басшысы бір жылдың ішінде осы мәселені зерттеуді тапсырды. Біздің жұмысымыз осындай жобаларды іске асыруға қажетті талаптарды ескере отырып елдің қай жеріне салу қажеттігін анықтау. Сонымен қатар біз технология және қуаттылық бойынша халықаралық және отандық сарапшылармен кеңесеміз. Энергия тапшылығы болар-болмасын анықтаймыз. Ол үшін өндіріс пен сұранысқа қараймыз. Егер тапшылық болатын болса, қай жылы және қаншалықты болатынын есептейміз. Қазір осы жұмыстар жасалып жатыр", деді министр орынбасары.
Қараша айында осы мәселе бойынша халықаралық сарапшылармен ақылдаспақшы.
Атом электр станциясын салуды қолдаушылардың бір уәжі көмірқышқыл газын азайту. Бұл туралы да министр Серікқали Брекешев өз ойын айтты. Оның пікірінше, Қазақстанның 2060 жылға дейін көмірқышқыл газдан нейтралдыққа жету доктринасы жасалған.
«2060 жылға қарай Қазақстан экономиканың барлық саласында көмірқышқыл газын шығарумайтын болады", деді министр.
Алайда осы мақсатқа жету үшін ел бойынша бірқатар саланы реформалау керек. Алдағы 40 жылда оған 650 млрд доллар инветсиция салу керек.