Астанада 562 пәтер екі есе арзанға сатылып жатыр

Астанада 7 қазанда 562 несиелік пәтерді сатуға өтінім қабылдау басталды. Тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 332 916 теңге болады. Бұл елордадағы орташа нарықтық бағадан (734,5 мың теңге) екі еседен артық төмен.

Пәтерлер таза әрлеумен (жөнделген) беріледі. Бағдарлама 2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында іске асырылып жатыр.

  • Өтінім қабылдау: 7–19 қазан

  • Үміткерлерді іріктеу: 21 қазан

  • Өтінім беру: Baspana Market порталындағы жеке кабинет арқылы

Пәтерлер А91 көшесіндегі №36, 36/1, 36/2 және 36/3 үйлерінде орналасқан. Бес қабатты үйлерде лифт жоқ.

Пәтерлер саны:

  • 166 — бір бөлмелі;

  • 276 — екі бөлмелі;

  • 80 — үш бөлмелі;

  • 40 — төрт бөлмелі.

Бағдарлама қатысушылары тұрғын үйді 5% жылдық мөлшерлемемен рәсімдей алады. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 5,2–5,8% аралығында. Бастапқы жарна — кемінде 10%.