Тамызда қазақстандықтарға 1,69 трлн теңге жаңа несие берілді. Бұл 2025 жылғы тамызбен салыстырғанда 5,7% аз.
Оның ішінде тұтынушылық мақсаттарға 1,398 трлн теңге несие берілді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3,2% төмен.
Кепілсіз тұтынушылық несие көлемі 1,172 трлн теңге болып, жылдық мәнде 0,8% қысқарды.
Автонесиелеу сегментінде төмендеу айтарлықтай болды – жаңа автонесиелер көлемі бір жылда 17,1% азайды.
Ипотекалық несие беру көлемі де төмендеді. Тамызда банктер 240 млрд теңге ипотека берген. Бұл 2025 жылғы тамызға қарағанда 16,4% аз.
Дегенмен, осы уақытта жалпы портфелі 1,2% өсіп, 26,469 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан бері өсім 6,9% болды. Яғни тамызда халықтың жаңа несие алуды азайтқанымен, бұрын алған несие есебінен қарыз көбейіп жатыр.