2023 жылы елімізде 160 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілді, оның ішінде жеке, яғни бір пәтерлі үйлерде орналасқандар да бар. Барлық осы пәтерлердің шамамен 11%-ы 5 немесе одан да көп бөлмеден тұрады, деп хабарлайды статбюро.
Үлкен пәтерлер, әрине, жер үйлердің көп. Мұнда оңтүстіктің екі өңірі көзге түседі. Мәселен, Қызылорда облысында 5 және одан да көп бөлмелі пәтерлер пайдалануға берілген үйлердің 51 пайызын құрайды.
Жамбыл облысында да осындай: жаңа пәтерлердің 48%-ы 5 және одан да көп бөлмелі, ал олардың үштен екісі кем дегенде сегіз бөлмелі (!). 8 және одан жоғары бөлмелі пәтерлердің мұндай жоғары үлесі, жалпы санның 31%-ы еліміздің ешбір жерінде кездеспейді.
Ал жаңадан салынған ғимараттардың барлығы дерлік көпқабатты үйлер болатын Алматы мен Астанада салынған пәтерлердің жартысына жуығы бір бөлмелі: Астанада – 43%, Алматыда – 46%. Екі жағдайда да кемінде үш бөлмелі пәтерлердің үлесі шамамен 20%.