Биыл қаңтардан мамырға дейін Астанада 1,2 млн ш. м, Алматыда – 938,7 мың ш. м. тұрғын үй салынды.

Астанада көрсеткіш 35% (317,5 мың шаршы метр), Алматыда 72% (392,9 мың шаршы метр) көбейді.

Нәтижесінде елордада қаңтар-мамыр айларындағы көрсеткіш 2017 жылдың ең жоғары деңгейіне жақындады (1,3 млн шаршы метр), оңтүстік мегаполисте ол соңғы 10 жылдағы максимумға жетті.

Естеріңізге сала кетейік, биылдан бастап екі мегаполисте тұрғын үй құрылысын азайту туралы тапсырма бар. 2023 жылдың соңында Астанада 2 миллион шаршы метрден (2022 жылдың нақты деңгейімен салыстырғанда -0,4 миллион), Алматыда 1,5 миллионнан (-0,2 миллион) асырмау қажет. 

Құрылыс көбейіп жатқанымен, инветиция азайып келеді, яғни алдағы уақытта құрылыс азаяды деген сөз.  Атап айтқанда, қаңтар-мамырда Астанада тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция 213,5 млрд теңгені құрады.

Бұл бір жыл бұрынғыдан 2,8% (6,2 млрд теңге) аз. Иә, айтарлықтай азаю емес, бірақ біз нақты бағалар туралы, яғни инфляцияны түзетусіз айтып отырмыз. Салыстырмалы бағаларда төмендеу айтарлықтай 6,5%

Көрсеткіш төрт жылдағы қаңтар-мамыр айларында алғашқы құлдырау

Алматыда да инвестициялық белсенділіктің төмендеуі байқалады, одан да айтарлықтай. Алғашқы бес айдың қорытындысы бойынша жергілікті бастапқы тұрғын үй нарығына 215,2 млрд теңге түсті.

Бұл бір жыл бұрынғыдан 6,3% (14,4 млрд теңге) аз. Егер инфляцияны есепке алатын болсақ, төмендеу 9,2%.

Көрсеткіш жеті жылдағы алғашқы бес айда бірінші құлдырау.