Биыл үшінші тоқсанда елімізде 15 пен 28 жас аралығындағы 68,5 мың жұмыссыз жас бар, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8,2% аз.
Жұмыссыз ерлер 28,9 мың (8,7% көбейген), жұмыссыз әйелдер 39,6 мың (17,6% азайды). 44,2 мың жұмыссыз қалада (12,8% азайды), ауылда – 24,3 мың (1,5% көбейген).
Салыстыру үшін: 2022 жылдың үшінші тоқсанында елде 15 пен 28 жас аралығындағы 74,6 мың жұмыссыз жас болды, бір жылда 3,7% азайған. Көрсеткіш жылдан жылға азайып келеді.
Өңірлер бойынша жұмыссыз жастар ең көп Алматы қаласында: 13 мың адам – былтырғыдан 7,7% көп. Одан кейінгі орында Астана (8,6 мың, 1,1% азайған) және Алматы облысы (8,5 мың, 15,7% көбейген). Ең төменгі көрсеткіштер Ұлытауда (509 адам), сондай-ақ Павлодар және Солтүстік Қазақстан (әрқайсысы 1,1 мың) облыстарында. Ескерту: бұл өңірлерде жалпы жастар салыстырмалы түрде аз, сондықтан көрсеткіштер осындай.
Жұмыссыз жастар санының ең көп өсімі Маңғыстау облысында байқалды: бір жылда бірден 2,3 есе, 4,5 мың адамға дейін көбейген. Ең көп азайғаны Түркістан облысы: 65,1%, 2,6 мың адамға дейін.
Жұмыссыз жастардың басым бөлігі 1 айдан 3 айға дейін жұмыс іздеді: барлығы мұндай 18 мың жас болды, бұл былтырғадан 13,8% аз.
Тағы 14,9 мың адам алты айдан бір жылға дейін (93,8% көбейген), 14,8 мың адам – 3 айдан 6 айға дейін (26,9% азайған) жұмыс іздеген.
1 айдан аз жұмыс іздеп жүргендер саны 16,8%, 13,8 мың адамға, ал бір жылдан астам жұмыс іздеп жүргендер саны бір жылда 24,8%, яғни 7 мың адамға азайды.