Биыл 1 қазаннан бастап күшті алкогольдің бағасы көтеріледі деп жоспарлануда. Бағаның өзгеруі туралы жобаны ҚР Қаржы министрлігі «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.
1 шілде мен 30 қыркүйек аралығында арақ пен арнайы арақтың, шығу тегі қорғалатын белгісі бар арақтың, күшті алкогольдік сусындардың ең төменгі бөлшек сауда бағасын литріне 1980 теңге деңгейінде белгілеу жоспарлануда. Коньяк пен бренди – литріне 2930 теңге көлемінде.
1 қазаннан бастап арақ пен арнайы арақтың, шығу тегі қорғалатын белгісі бар арақтың, күшті алкогольдік сусындардың ең төменгі бөлшек сауда бағасын литріне 2100 теңге деңгейінде белгілеу жоспарлануда. Коньяк пен коньяк үшін – литріне 3110 теңге көлемінде.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін арақ, коньяк, шарап ішу көбейіп, сыра ішу азайғанын хабарлаған едік.