Статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың I тоқсанында ішкі нарықтағы алкоголь сатылымы былай болды:
- Арақ – 21,6 млн литр. Бұл 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 51,1% артық;
- Коньяк – 8,2 млн литр, 2,9 есе өскен;
- Шарап, шымырлайтын шарапты қоспағанда – 8,4 млн литр. Өсім – 17%;
- Шымырлайтын шарап – 845,7 мың литр. Өсім – 55,1%
Бірақ сыра сатылымы бір жылда 13,5% төмендеп, 151,2 млн литр болды.
Өндіріске келер болсақ, арақ өндірушілер өндірісті 1,5 еседен астамға (19 млн литрге дейін) арттырып, экспортты 40% (328 мың литрге дейін) қысқартты. Ішкі сұранысты өтеу мүмкін болмады – импортты ұлғайтуға тура келді (+18,4%-дан 2,9 млн литрге дейін).
Коньяк өндірісі 2,6 есе (6 млн тоннаға дейін), импорт 4,3 есе (4,4 млн тоннаға дейін) өсті. Бірақ 2,2 млн литр экспортталды, бұл 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 4,1 есе көп.
Шарапқа келсек, отандық өндіріс те, импорт та өсті, бірақ экспорт жоқтың қасы – бәрін өзіміз ішеміз.
Сыра өндірісі 14,1% (137 млн литрге дейін) төмендеді, бірақ импорт өсті (12,1%, 18,4 млн литрге дейін). Экспортты 3,8 есе 4,1 млн литрге дейін артты.