2026 жылғы II тоқсанда Қазақстан Республикасында орташа айлық жалақы 486388 теңгені құрады, 2026 жылғы II тоқсандағы бағалау бойынша Қазақстан Республикасында медианалық жалақы 348415 теңгені құрады.
Зерттеу қорытындысы бойынша 3378,6 мың адамның ішінде қызметкерлердің 2,2%-ы 100 мың теңгеге дейін, 9,4%-ы 100-150 мың теңге, 29,9%-ы 150-300 мың теңге, 30,8%-ы 300-490 мың теңге, 27,7%-ы 490 мың теңгеден жоғары орташа айлық жалақы алды.
2026 жылы шетелдік меншік нысанындағы кәсіпорындар қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 748 529 теңгені құрады. Бұл мемлекеттік меншік нысанындағы кәсіпорындардағы жалақыдан (365 476 теңге) шамамен 2 есе, ал жеке меншік нысанындағы кәсіпорындардағы жалақыдан (513 076 теңге) 1,5 есе жоғары.
Жас топтары бойынша қызметкерлердің жалақысын салыстыру ең төмен жалақыны 16-дан 24 жасқа дейінгі қызметкерлер – 310256 теңге, ал ең жоғары жалақыны 35-тен 44 жасқа дейінгі (489629 теңге) және 45-тен 54 жасқа дейінгі (467544 теңге) қызметкерлер алғанын көрсетеді.
Жалақының ең жоғары өсімі 16-дан 24 жасқа дейінгі қызметкерлер арасында – 10,9%, ең төмен өсімі 65 жастағы және одан жоғары жастағы қызметкерлер арасында – 1,3% тіркелді.
Білім деңгейі бойынша жалдамалы қызметкерлердің жалақысы: орта білімі бар қызметкерлерде – 311169 теңгені, жоғары білімі бар қызметкерлерде – 523210 теңгені, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар қызметкерлерде – 802944 теңгені құрады.
2025 жылмен салыстырғанда жалақының ең жоғары өсімі жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар қызметкерлер арасында – 19,4%, ең төмен өсімі жоғары білімі бар қызметкерлер арасында – 5,2% тіркелді.