Мәслихат депутаттығына кандидаттарға бюджеттен 500–700 мың теңге бөлінеді

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 29 қарашада өтетін аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына кандидаттардың сайлауалды шығындарын бекітті.

ОСК қаулысына сәйкес, кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарына жұмсайтын қаражаты республикалық бюджет есебінен өтеледі.

Атап айтқанда, бюджеттен:

  • 290 мың теңге – теледидар мен радиода сөз сөйлеуге және мерзімді баспасөзде немесе интернет-басылымдарда екі мақала жариялауға;

  • 130 мың теңге – жария сайлауалды іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға;

  • 80 мың теңге – көлік шығындарына бөлінеді.

Осылайша, аудандық мәслихат депутаттығына бір кандидатқа бюджеттен жалпы 500 мың теңге қарастырылады.

Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттарға:

  • теледидар, радио және басылымдардағы жарияланымдарға – 400 мың теңге;

  • сайлауалды іс-шаралар мен үгіт материалдарына – 170 мың теңге;

  • көлік шығындарына – 80 мың теңге бөлінеді.

Жалпы сомасы – 650 мың теңге.

Ал Астана, Алматы және Шымкент қалаларының мәслихат депутаттығына кандидаттарына бюджеттен:

  • теледидар, радио және басылымдардағы жарияланымдарға – 410 мың теңге;

  • сайлауалды іс-шаралар мен үгіт материалдарына – 180 мың теңге;

  • көлік шығындарына – 110 мың теңге бөлінеді.

Бұл санаттағы бір кандидатқа қарастырылған қаражаттың жалпы көлемі 700 мың теңге.

ОСК қабылдаған қаулылар елорда, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссияларына жолданады. Олар өз кезегінде құжаттарды аумақтық және округтік сайлау комиссияларына, сондай-ақ тіркелген кандидаттарға жеткізуі тиіс.