Пәтерді ипотекаға сатып алу – елеулі қаржылық міндеттеме. Ол көбіне ондаған жылға созылады. Алайда көп адам рәсімделіп қойған тұрғын үй несиесінің шарттарын өзгертуге болатынын біле бермейді.
Мысалы, ипотеканы басқа банкке ауыстырып, несие мерзімін өзгертуге және ай сайынғы төлемді азайтуға болады. Мұндай мүмкіндікті Halyk ұсынады. Қайта қаржыландыру қалай жұмыс істейтінін және оның кімге пайдалы болуы мүмкін екенін қарастырайық.
Бірнеше жыл бұрын ипотекаға пәтер сатып алдыңыз делік. Содан бері көп нәрсе: табысыңыз, шығыныңыз, отбасылық жағдайыңыз және қаржылық басымдықтарыңыз өзгерген болуы мүмкін. Бірақ ай сайын белгілі бір сома әлі де несиені өтеуге жұмсалады.
Ипотека шарттарын да өзгертуге болады десек ше?
Ол үшін қайта қаржыландыру тетігі бар. Яғни ипотеканы бір банктен екінші банкке ауыстыруға және несие шарттарын жақсартуға мүмкіндік береді.
Halyk ұсынған жаңа өнім бойынша ипотеканы қайта қаржыландыруға болады. Бұл жаңа баспана сатып алу немесе екінші ипотека рәсімдеу дегенді білдірмейді. Клиент өзінің пәтеріне несиесін ары қарай төлей береді, бірақ енді жаңа банктің шарттарымен төлейді.
Бағдарламаның басты артықшылықтарының бірі – ай сайынғы төлемді азайту мүмкіндігі.
Қарапайым жағдайды мысалға келтірейік. Бірнеше жыл бұрын Асқар пәтер сатып алуды ұйғарды*. Бастапқы жарнаға ұзақ уақыт ақша жинап, баспана таңдап, ақыры Қазақстандағы банктердің бірінен ипотека рәсімдеді.
Пәтер сатып алынды, арманы орындалды. Бірақ баспанамен бірге елеулі қаржылық міндеттеме де пайда болды: Асқар ай сайын банкке шамамен 290 мың теңге төлейді. Оның ипотекасының жылдық мөлшерлемесі 22,5% еді.
Содан кейін Асқар ипотекасын тиімдірек шарттармен Halyk банкіне қайта қаржыландыруды ұйғарды.
Ол кезде ипотекалық қарызының қалдығы 15 млн теңге еді, ал несиені тағы 15 жыл төлеуі керек болатын.
Банк оған қалған қарызды сол мерзімге жылдық 19,5% мөлшерлемемен Halyk арқылы қайта қаржыландырса, ай сайынғы төлемі шамамен 258 мың теңге болатынын есептеп берді.
Айырмашылық айына 32 мың теңгеден асады немесе жылына шамамен 385 мың теңге.
Бірақ ең қызығы – ұзақ мерзімді перспективада. Егер несие мерзімін сақтап, ипотеканы жаңа кесте бойынша 15 жыл бойы төлесе, қайта қаржыландыруға байланысты қосымша шығындарды есептемегенде, жалпы төлем айырмашылығы 5,5 млн теңгеден асады.
Басқаша айтқанда, Асқар сол пәтерде тұра береді, бірақ отбасылық бюджеттің едәуір бөлігін үнемдеп, оны саяхаттауға, білім алуға немесе күнделікті шығындарына жұмсай алады немесе сол ақшаны жинай беруіне болады.
Дәл осындай ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасын Halyk ұсынып отыр. Басқа банктердің клиенттері қолданыстағы ипотекалық несиесін Halyk банкіне ауыстырып, тиісті талаптарға сай болған жағдайда ай сайынғы қаржылық жүктемесін азайта алады.
Бағдарлама бойынша жылдық мөлшерлемелер 19,5%-дан 22,5%-ға дейін (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 21,59%-дан 25,00%-ға дейін), ал несие мерзімі 20 жылға дейін белгіленген. Алдын ала есептеу алу үшін қажетті құжаттармен Halyk бөлімшесіне жүгіну жеткілікті.
Бағдарламаның артықшылықтарының бірі – несиені онлайн режимде комиссиясыз мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі. Бұл клиентке кейін қосымша қаражатты несие өтеуге бағыттап, қарызын қысқартуға мүмкіндік береді.
Қайта қаржыландыру аясында Halyk қаражаты есебінен өмір мен мүлікті сақтандыру бойынша қосымша шарттар да қарастырылған. Ал жалақы жобаларының қатысушылары үшін ай сайынғы төлемдерді автоматты түрде өтеу мүмкіндігі бар.
Ипотеканы қайта қаржыландыру шарттары туралы толығырақ Halyk банкінің сайтынан білуге болады.
*Асқардың мысал шартты түрде алынған. Нақты мөлшерлеме, ай сайынғы төлем мөлшері және үнем көлемі әр клиент үшін жеке анықталады.