Әр ауыл мен қала маңында орман егіледі

Мемлекет басшысы «Қазақ тілі» қоғамының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Дала орманы» жобасын кеңейтуді тапсырды.

Президенттің айтуынша, жоба аясында бір жылдың ішінде серіктестермен бірлесіп, 400 гектар жерге 5 млн тал егілген. Сонымен қатар еліміздің үш облысында төрт ірі орман питомнигі құрылған.

Жобаның келесі кезеңінде:

  • Әр ауылдың маңынан 25 гектар;

  • Аудан орталықтарының жанынан 50 гектар;

  • Ірі қалалардың маңынан 100 гектар аумақта көшет өсіретін саябақтар ашу жоспарланып отыр.

Тоқаев Үкімет пен әкімдіктерді бастамаға қолдау көрсетуге шақырды.

Президенттің сөзінше, жобаны іске асыру Қазақстандағы орман алқаптарын 14,5 млн гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.