2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 26 сақтандыру ұйымы бар, оның 10-ы – өмірді сақтандыру бойынша.

2023 жылғы ақпан айының қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері негізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде 0,5%-ға 2,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 4,5%-ға өсу).

2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 70,4% (1,5 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 6,0% (130 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 4,8% (103 млрд теңге) тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2023 жылғы ақпанда 1,4 трлн теңгеге дейін 0,5%-ға азайды (2023 жылдың басынан бері 4,7%-ға өсу).

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2023 жылғы ақпанда 2,3%-ға немесе 18,1 млрд теңгеге 808 млрд теңгеге дейін, негізінен сақтандыру қызметінен түскен пайданың есебінен ұлғайды. 

2023 жылғы ақпанда сақтандыру нарығы бойынша таза пайда  13,3 млрд теңге болды (2023 жылдың басынан бері – 29,1 млрд теңге).

2023 жылғы ақпанда жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1 087 мың шартты құрады, бұл 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда 15,0%-ға көп.

2023 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 2023 жылдың басынан бері 2 033 мың шартты құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 31,4%-ға артық. Негізгі өсім көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (27,5%-ға  немесе 203 мың шарт), жазатайым оқиғалардан сақтандыру (81,0%-ға немесе 161 мың шарт) бойынша шарттарға тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылғы ақпанда 62,8 млрд теңгені құрады. Сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылғы 2 айда барлығы 170 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 23,0%-ға көп.  Сақтандыру сыйлықақылары өсуінің негізгі драйвері ерікті мүліктік сақтандыру сыныбы болып табылады.

Міндетті сақтандыру бойынша жылдың басынан бері 27 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 37,1%-ға көп. Ұлғаю, негізінен, қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру есебінен болды (46,9%-ға немесе 3,1 млрд теңгеге өсу).

Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2023 жылғы 2 айда 49 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға көп. Өсу, негізінен, жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары жинақталуының 215%-ға немесе 6,4 млрд теңгеге ұлғаюымен байланысты.

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары   ағымдағы жылдың басынан бері 94 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 29,7%-ға көп. Өсу, негізінен, автомобиль көлігін сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 156,8%-ға немесе 7,6 млрд теңгеге және мүлікті сақтандыру бойынша 11,1%-ға 5,7 млрд теңгеге ұлғаюымен байланысты.

2023 жылғы ақпанда сақтандыру төлемдері 18 млрд теңгені құрады. 2023 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері 32 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 48,1%-ға көп. Өсу, негізінен, мүлікті, қарыздарды және жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюымен байланысты.

2023 жылғы ақпанда барлығы 71 мың төлем, 2023 жылдың басынан бері – 174 мың төлем жүзеге асырылды.