Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың ақпанындағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды.
KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2023 жылдың ақпанында 23,7 трлн теңгені құрады және қаңтармен салыстырғанда 0,2% немесе 43,2 млрд теңгеге төмендеді.
Айдың қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 1,2% өсіп, 3 338,90 тармақты құрады.
Ақпан айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 0,8% 21,9 трлн теңгеге дейін өсті, корпоративті облигация көлемі 7,8% 13,3 трлн теңгеге дейін төмендеді.
2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстандық қор биржасында акциялармен сауда-саттық көлемі 47,1 млрд теңгені құрады және 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе өскен. 2022 жылдың қараша-желтоқсан айларымен салыстырғанда сауда-саттық көлемі
90,4% төмендеді.
Ал корпоративтік облигациялармен сауда-саттықтардың көлемі 296,2 млн теңгені құрады және 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе өсті. Корпоративтік облигациялармен сауда-саттықтардың көлемі 296,2 млн теңгені құрады және 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе өсті.
МБҚ-мен сауда-саттық көлемі 985,5 млрд теңгені құрады және 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 73,2% өсті. 2022 жылдың қараша-желтоқсан айларымен салыстырғанда сауда көлемі 10,1% төмендеді.
Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарымен сауда-саттық көлемі 524,7 млн теңгені құрады және 2022 жылға қарағанда 82,9% төмендеді. 2022 жылдың қараша-желтоқсан айларымен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 73,9% төмендеді.
Шетел валюталарының спот-нарығындағы сауда-саттық көлемі 3 883,9 млрд теңгені құрады және 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 56,1% өсті.
2023 жылдың 01 наурызындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 219 эмитенттің 576 атаудағы мемлекеттік емес бағалы қағаздары болды.
2023 жылдың 01 наурызындағы жағдай бойынша Орталық депозитарийде 575 мың жеке тұлғаға ашылған 609 мыңнан астам дербес қосалқы шоттар болды.