Жыл басындағы жер сілкінісі Алматының жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның төмендеуіне әсер еткен.
Биыл I тоқсанда Алматыдан басқа өңірлерге тұрақты түрде тұруға 20,9 мың адам кеткен. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, шамамен, 25% (4,1 мың адам) артқан бұл көрсеткіш кем дегенде 2018 жылдың басынан бері ең жоғары деңгейге жетті.
Алматыдан басқа өңірлерге кеткендердің рекордтық санын табиғи апаттармен байланыстырған жеңіл. Алайда жоғары көрсеткіш төрт тоқсан қатарынан байқалып жатқанын ескерген жөн.
Өз еліміздің ішінде жаңа тұрғылықты жер ретінде алматылықтар, көбіне Алматы облысын таңдаған (10 мың адам). Тіпті екінші орын алған Астананың мәні ежептәуір артта қалып тұр (2,9 мың адам).
Сондай-ақ Алматыға басқа өңірлерден тұрақты тұруға келгендер саны рекорд орнатпаса да, өте жоғары деңгейде — 30,1 мың адам. Алматыға қоныс аударғандар — негізінен Алматы облысының тұрғындары (12,8 мың адам).