Алкогольсіз сусын мен минералды су өндірісі биыл қаңтарда 212,2 млн литрге жетті, оның ішінде 41,3 млн литрі минералды және газдалған су (2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда 8,6% өсті), 170,9 млн литрі басқа алкогольсіз сусындар (бір жылда бірден 27,6% көбейді).
Жалпы, 2022 жылдың 12 айында минералды су өндірісі 656,8 млн литрді құрады, бұл 2021 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 0,6% аз*. Басқа алкогольсіз сусындар өндірісі 2,4 млрд литрге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,9% көп.
ҚР-да алкогольсіз сусын мен минералды су Шымкенттегі «Визит» («Буратино», «Лимонад», «Мохито», «Фруктоша» және т.б.), Түркістан облысындағы «Алекс» («Алекс Сарыағаш»), Алматы облысыда Galanz Bottlers («Maxi Шәй», Sevens, «Перво Квас» және т.б.), RG Brands Kazakhstan (Piala, DaDa, Lipton, Mirinda және т.б.) және Coca Cola Kazakhstan (Coca Cola, Fanta, Sprite, Piko, Aqua және т.б.) және басқа да көптеген зауыттар бар.
Отандық сусын зауыттары 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда минералды суға сұранысты (ішкі нарықтағы сатуды және экспортты) бір жыл бұрынғы 87%-бен салыстырғанда 88,9% қамтамасыз етті. Бұл ретте, осыдан жеті жыл бұрын олардың үлесі 95,2%-ға жеткенін айта кеткен жөн. Импорттың үлесі тиісінше 11,1%-ды құрады – 2021 жылмен салыстырғанда аз. Дегенмен, 2019 жылға дейін импорт ресурстардың 5%-дан 8%-ға дейін өзгерді. 2022 жылы ҚР-ға 379,5 млн литр минералды су мен алкогольсіз сусын импортталды, бұл 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 8,8% аз.
Алкогольсіз сусын мен минералды су экспорты бір жылда 80% өсіп, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 262,8 млн литрді құрады, ал ішкі сатылым көлемі 3,2 млрд литрді құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,1%,бес жыл бұрынғыан 83%, он жыл бұрынғыдан бірден 2,2 есе көп.
Айта кету керек, көптеген алкогольсіз сусынды шамадан тыс тұтыну денсаулыққа жағымсыз әсер етеді және оның зияны қанттың көптігінде ғана емес. Әсіресе, жас қазақстандықтардың энергетикалық сусындарға тәуелділігі туралы жиі айтыла бастады. Былтыр жыл соңында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке энергетикалық сусындарды кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекімен бірге сатуға тыйым салуға дейін шара қабылдап, халыққа бақылаусыз сату мәселесін қарауды тапсырған болатын.
Дәрігерлер де дабыл қағуда: энергетикалық сусындарға әуестенген ҚР-да жүрек талмасымен ауруханаға түсетін жастардың саны артып келеді. Егер бұрын осы аурумен ауруханаға жатқызылған негізгі контингент 60-70 жас аралығындағы азаматтар болса, қазір жүрек-қантамыр жүйесі аурулары тез «жасарып» жатыр.
ҚР нарығында қазақстандық және импорттық энергетикалық сусындардың үлкен саны сатылады. Мысалы, Riks (Dizzy and Zet), Сarlsberg Kazakhstan (Flash Up), GGG NRG (GGG), Caspian Beverage Holding (Tamga), Libella Bottlers (Extreme Energy), RG Brands Kazakhstan (Yeti) және басқалар.
Минералды су мен алкогольсіз сусындар өндірісінің өсуіне, сондай-ақ нарықтағы отандық компаниялардың айтарлықтай үлесіне қарамастан, бұл сегментті баға қымбаттап жатыр. Мәселен, 2023 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша, газдалған сусын бір жылда 27,9%, минералды су – 36,6%, газдалмаған сусын – 37,4% қымбаттады.
Анықтама үшін: бір жыл бұрын бағаның өсуі айтарлықтай болғанымен, әлдеқайда аз болды. Мәселен, газдалған сусын – 10,4%, минералды су – 14,9%, газдалмаған сусын – 8,6% қымбаттаған еді.
Өңірлер бойынша 2022 жылғы ақпанмен салыстырғанда минералды су құнының өсуі Ұлытау облысында 14,9%-дан Жетісу облысында 62%-ға дейін ауытқиды. Бағаның айтарлықтай өсуі Батыс Қазақстан (55,1%), Қызылорда (51,8%) және Павлодар (48,3%) облыстарында да байқалды.
Газдалмаған сусындар Батыс Қазақстан облысында айтарлықтай өсті: 77,2%. Атырау облысында бір жарым есе қымбаттаса, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 48,3%-дан қымбаттады.
Газдалған сусындар Ақмола және Ақтөбе облыстарында ең көп өсті: сәйкесінше 43,3% және 42,9%. Бағаның айтарлықтай өсуі Қызылорда облысында да байқалды: 40,2%.