2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қор нарығын капиталдандыру қаңтарда 0,5 трлн теңгеге ұлғайып, 36,1 трлн теңгені құрады.
Акциялар нарығын капиталдандыру 2,5% немесе 0,5 трлн теңгеге 21,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
2023 жылғы қаңтарда KASE индексі 3 299,9 тармаққа дейін 1,5%-ға өсті. 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 99 эмитенттің 113 акциясы болды, олардың 46 шығарылымы KASE Global секторында айналысқа жіберілді. Ағымдағы жылғы қаңтарда акциялармен сауда-саттық көлемі 2022 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 90,4%-ға немесе 180 млрд теңгеге төмендеп, 19 млрд теңгені құрады.
Корпоративтік облигациялар нарығы ақша-кредит талаптарын қатаңдату аясында қорландыру құнының қымбаттауы, сондай-ақ осы нарықта қолданыстағы шығарылымдарды өтеу нәтижесінде 2023 жылғы қаңтарда 0,3% немесе 42 млрд теңгеге 14,4 трлн теңгеге дейін азайды.
Корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі ағымдағы жылғы қаңтарда 146 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы желтоқсан айымен салыстырған 64,4% немесе 264 млрд теңгеге төмен.
2023 жылғы 1 ақпанда KASE сауда-саттық тізімдерінде 82 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 342 шығарылымы болды.
2023 жылғы қаңтарда KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 66,3% немесе 363 млрд теңгеге 184 млрд теңгеге дейін азайды.
KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2023 жылғы қаңтарда 0,9% немесе 189 млрд теңгеге 21,7 трлн теңгеге дейін өсті.
2023 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі бір айда 22,8% немесе 153 млрд теңгеге азайып, 516 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 21,8% немесе 125 млрд теңгеге 450 млрд теңгеге дейін төмендеді.
2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ұжымдық инвестициялар нарығында 47 инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 24 аралық, 21 жабық және 1 ашық пай қоры.
Ұжымдық инвестициялар нарығында басқарудағы активтер негізінен инвестициялық пай қорларының портфелінде мемлекеттік емес бағалы қағаздар құнының ұлғаюы есебінен 92 млрд теңгеге немесе 73,7% ұлғайып, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 217 млрд теңгені құрады.
2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 182 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 83,9%-ын бағалы қағаздар портфелі құрады, оның 94,4%-ы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздардан тұрады.
Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымында 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 38 брокер мен дилер (15 банк және 23 банктік емес ұйым), 9 кастодиан банк, 20 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ 2 инфрақұрылымдық ұйым: KASE және бірыңғай тіркеуші және сауда репозиторийі функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі жұмыс істейді. Бұдан басқа, КASE негізінде орталық контрагент жұмыс істейді.
Ағымдағы жылғы қаңтарда инвесторлар санының өсуі жалғасты. Депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 581 776 қосалқы шотқа дейін 31 549 немесе 5,7%-ға өсті.
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері ағымдағы жылдың қаңтар айында 2,0% азайып, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 567 млрд теңгені құрады. 2023 жылғы қаңтарда міндеттемелер 158 млрд теңгеге дейін 9,1% төмендеді. Меншікті капитал 1,0 % 410 млрд теңгеге дейін өсті.