2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде спорттық, қорғаныс және ортопедиялық аяқ киімдерді қоспағанда былғары аяқ киім өндірісі 1,2 млн жұпты құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4% артық. Оның ішінде үсті былғарыдан жасалған аяқ киім, спорттық аяқ киімнен, металды қорғаныс тұмсығы бар аяқ киімнен және әртүрлі арнайы аяқ киімнен басқа аяқ киім 761,7 мың жұпты құрап, бір жылда 3,7% өсті.
Сонымен қатар, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде жүннен басылған және фетр аяқ киім өндірісі 2 есеге жуық қысқарып, 17,5 мың жұпқа дейін төмендеді.
2023 жылғы қаңтар-тамызда отандық өндірушілер спорттық, қорғаныс және ортопедиялық аяқ киімдерді қоспағанда, былғары аяқ киімге деген сұраныстың тек 3,1%-ын ғана қамтамасыз етті. Импорт тиісінше 96,9%-ды құрады, ал былтырғымен салыстырғанда импорт көлемі 37,4% өсіп, 2023 жылғы қаңтар-тамызда 33,5 млн жұпқа жетті.
Ішкі нарықтағы сату көлемі де айтарлықтай өсті: 35,3%, 34,1 млн жұпқа дейін. Экспорт және реэкспорт 414,4 мың жұпты құрады, бұл 2022 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда бірден 5,4 есе көп.
Биыл қазанның соңында етік, кебіс және басқа да аяқ киім бағасы бір жыл ішінде 13,2% өсті. Салыстыру үшін: 2022 жылдың қазан айында бағаның жылдық өсімі 16,6% болды.
ҚР өңірлерінің ішінде етік, кебіс және басқа да аяқ киім бағасының айтарлықтай өсуі Маңғыстау облысында байқалды: 22,1%. Одан кейін Түркістан және Жамбыл облыстары: тиісінше 20% және 17,3%. Бағаның ең аз өсуі Жетісу облысында тіркелді: 4,6%. Одан кейінгі орында Ақмола және Ұлытау облыстары: тиісінше 6% және 6,9%.
Бір жылда балалар аяқ киімі айтарлықтай қымбаттады: 14,7%. Әйелдер аяқ киімі 13,2%, ерлердікі 12,4% қымбаттады. Салыстыру үшін: бір жыл бұрын балалар аяқ киімі 22,6%, әйелдер аяқ киімі 14,7%, ерлер аяқ киімі 14,9% қымбаттаған.