«Астана» халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығы (АХҚО ЖҚО) платформада көміртегі бірліктерінің саудасын дамытуды жоспарлап отыр.

«АХҚО жасыл қаржы орталығының қызметін дамытудың жаңа бағыты Қазақстанның көміртегі нарығын дамыту және көміртегі бірліктерімен сауда жасау үшін платформа құру болады. Бұл жобаның маңыздылығы Еуропалық Одақтың 2026 жылдан бастап шекаралық түзету көміртегі механизмін (Carbon Boarder Adjustment Mechanism, CBAM) енгізуіне байланысты артып келеді. ЮНКТАД (БҰҰ сауда және даму жөніндегі конференциясы) есептеулері бойынша Қазақстан СО2 шығарындыларының тоннасы үшін 88 доллар бағасымен жыл сайын 352 млн доллар жоғалтуы мүмкін», – делінген орталық хабарламасында. 

АХҚО нарыққа қатысушыларды тәуелсіз юрисдикциямен, жоғары технологиялық Биржамен қорғау түріндегі оларға берілетін артықшылықтар, сондай-ақ халықаралық стандарттар мен қағидаттарға сәйкес келетін ойын ережелері елдің көміртегі нарығын қайта іске қосу үшін сенімді сілтеме болып табылады деп санайды.

«Еуроодақтағы экспорттаушыларымыздың бәсекеге қабілеттілігін сақтау біз үшін маңызды фактор болып табылады. Сондықтан қаржы орталығының алаңында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін көміртегі платформасын дамыту АХҚО дамуының негізгі векторларының бірі болып табылады», — деп атап өтті АХҚО көміртегі нарығын дамыту жөніндегі директоры Әсел Нұрахметова.

Экономиканы декарбонизациялау және төмен көміртекті технологияларды енгізу қажеттілігін 2022 жылы шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгіледі. Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі стратегиясы Мемлекет басшысының Жарлығымен ағымдағы жылдың ақпан айында бекітілді.

Үкімет, оның ішінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жасыл қаржыландыру тетіктерін дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Экологиялық жобаларға инвестиция тарту тұрғысынан елдегі декарбонизация процесінің драйверлерінің бірі ЖҚО болды. Мысалы, ЖҚО-ның белсенді қатысуымен Қазақстанның Экологиялық кодексіне өзгерістер енгізіліп, кәсіпкерлерді жасыл қаржыландыру құралдарын пайдалануда қолдау шаралары бойынша нормалар ұсынылды, сондай-ақ АХҚО биржасында (AIX) жасыл облигациялар шығару ережелері белгіленді.

Төмен көміртекті дамуға көшу кезінде әлеуметтік тәуекелдерді азайту тетіктерін де әзірлеу қажет, сондықтан ЖҚО Ұлттық экономика министрлігі қолдаған әлеуметтік таксономия жобасын әзірледі. Осының арқасында компаниялар инвестиция салу үшін әлеуметтік маңызы бар жобаларды бақылауға мүмкіндік алады.

Қазақстандағы нарықтың ағымдағы көлемі (жасыл және әлеуметтік облигациялар, жасыл несиелер) шамамен  500 млн АҚШ долларын құрайды. Алайда, Қазақстанның тұрақты қаржыландыру нарығының жалпы көлемі шекаралық деңгейде, ал Чили, Венгрия, Малайзия сияқты елдердің дамушы нарықтарының көлемі Қазақстаннан алты және одан да көп есе артық. Бұл осы елдердегі үкіметтердің жасыл және әлеуметтік облигацияларының егеменді шығарылымдарына байланысты.

«Статистикалық агенттіктердің, мемлекеттік органдардың, халықаралық бастамалардың деректері, Климаттық саясат бастамасының есептері және халықаралық дамуды қаржыландыру клубының (IDFI) Климаттық қаржыландыру картасы сияқты, қаржының жоба түрлері мен инвестициялық механизмдер бойынша қалай бөлінетіні туралы толық мәлімет бере алады және сәйкесінше Климаттық қаржыландыру көлемін қадағалай алады. Қазақстанда осындай деректерді есепке алу Климаттық жобалар үшін оңтайлы қаржыландыру көздері мен қолдау шараларын таңдауға ықпал етеді», — деп есептейді АХҚО орнықты даму жөніндегі директоры Айгүл Құсалиева.

АХҚО-ның пайымдауынша, Қазақстанда Төмен көміртекті технологияларға инвестицияларға жалпы қажеттілік 600 млрд АҚШ долларға бағаланады, сондықтан Республика егеменді орнықты облигациялар шығаруға одан әрі жәрдемдесуі, банк секторындағы Климаттық қаржыландыруды ескеруі, жаңа өнімдерді дамытуы және әлеуметтік қаржыландырудың ұлттық стандарттарын пысықтауы қажет. Жасыл қаржыландырудың тағы бір құралы компанияларға экологиялық тұрақтылықты жақсарту және олардың қызметін декарбонизациялау шараларын қабылдауға ынталандыратын Sustainability-Linked Bonds облигациялары болуы мүмкін.

Өткен жылдың желтоқсан айында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) ЖҚО-мен тығыз ынтымақтастықта Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) жасыл жобаларының модельдік таксономиясын (күрделі жүйелердің жіктелуі) әзірлеп, бекітті. Еуразиялық даму банкінің тұрақты даму жөніндегі басқарушы директоры Конрад Альбрехттің пікірінше, бұл ЕАЭО кеңістігінде трансшекаралық жасыл және бейімделу қаржы құралдарын дамытуға серпін беруі мүмкін.