Төтенше жағдай кезінде Қазақстан бойынша 3 мыңға жуық бизнес субъектісі несиелерін кешіктіріп алды, деп хабарлайды Бірінші несие бюросы.
"БКБ сараптама орталығы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің №167 бұйрығының талаптарына кіретін, яғни несие бойынша төлемді тоқтатуға рұқсат алған бизнес субъектілерін санады. Нәтижесінде 32 947 бизнес субъектісінің жалпы көлемі 2,6 трлн теңге қарызы бар екені анықталды", делінген хабарламада.
Соның ішінде 147 млрд теңге қарыз жеке кәсіпкерлерге (ЖК), 365 млрд теңге орта бизнеске және2,1 трлн теңге шағын бизнеске тиесілі.
18 сәуірдегі мәлімет бойынша 2789 субъекттің несие төлемдері кешіктірілген. Бұл осы саладағы бизнестің 8,5%-ы. Соның ішінде 2461 субъект жеке кәсіпкер. Орта бизнестен шағын бизнестен 322 компания, орта бизнестен 6 компания несие төлемдерін кешіктіруде.
Жеке кәсіпкерлерден несиесін кешіктіріп отырғандардың 16,7%-ы сұлулық салондары, 14,2%-ы көлік және қоймалау саласы, 9-10% аралығы жеке қызмет көрсету, көтерме сауда, көлікті бөлшек және көтерме сату және жөндеу, жөндеу қызметтері, демалыс қызметін көрсету және спорт саласы.
Шағын бизнестен несиесін төлей алмай жатқандар негізіне сұлулық салоны, кинотеатрлар, өнер және демалыс, сауна, SPA, массаж қызметін ұсынушылар, туризм және өзгелер.