2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік қолдаудың жекелеген шараларын тағайындау тәсілі өзгереді. Мемлекет азаматтың ғана емес, оның бүкіл отбасының материалдық жағдайын ескеруді жоспарлап отыр.
Жаңа жүйенің негізгі қағидалары – атаулылық және мұқтаждық деңгейін бағалау. Яғни мемлекеттік қолдау бірінші кезекте шын мәнінде көмекке мұқтаж отбасыларға берілуі тиіс.
Жағдайы жақсы отбасылардың кейбір әлеуметтік қолдау шараларына құқығы шектеледі:
«А» санаты (жағдайы жоғары) – атаулы әлеуметтік көмек алатын 92 отбасы;
«Б» санаты (қанағаттанарлық) – 5 мың отбасы.
Бұл барлық жәрдемақы тоқтатылады деген сөз емес. Шектеу әлеуметтік қолдаудың жекелеген шараларына қатысты болады. Қай төлемдерге шектеу қойылатыны әзірге нақтыланбаған.
Мұқтаждықты бағалау кезінде отбасының барлық кәмелетке толған мүшелері туралы мәліметтер де қаралады. Ол үшін жәрдемақы алушыларға дербес деректерді өңдеуге келісім беру туралы SMS жіберіледі.
Сонымен қатар табысы жоғары азаматтарға әлеуметтік қолдаудың жекелеген түрлерінен өз еркімен бас тарту туралы ұсыныс SMS арқылы жіберілуі мүмкін. Бас тарту міндетті емес.