Халық қоғамдық тамақтану орындарына 2,1 трлн теңге жұмсады

2025 жылы Қазақстанда 19 588 қоғамдық тамақтану нысаны тіркелді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 17,5% көп. 2024 жылы елімізде 16 674 қоғамдық тамақтану нысаны болған.

Қоғамдық тамақтану орындарының саны бойынша көш бастап тұрған өңірлер — Алматы қаласы (3 522 нысан), Астана қаласы (2 761) және Қарағанды облысы (1 275).

Мейрамхана саны жыл ішінде айтарлықтай өзгерген жоқ: олардың саны 666 нысанға артып, 3 024-ке жетті. Асхана саны 5,7%-ға өсіп, 5 618-ден 5 940 нысанға дейін көбейді. Әсіресе дәмхананың көбеюі байқалады — олардың саны 5 202-ден 5 987-ге дейін артып, өсім 15,1%-ды құрады.

Мейрамхана Астана қаласында (654), Алматы қаласында (602) және Батыс Қазақстан облысында (248) ең көп болса, дәмхана Алматы қаласы (1 036), Астана қаласы (809) және Қарағанды облысында (485) ең көп.

2025 жылы тамақтану және сусындар ұсыну саласындағы қызметтердің көлемі 2,1 трлн теңгені құрады. Осы көрсеткішті 19 588 қоғамдық тамақтану орнына бөлсек, орташа есеппен біреуінің жылдық айналымы 107 млн теңге болады.