Alaqan стартабы Kaspi-ды сауда белгісін ұрлады деп сотқа берді

Alaqan стартабы Kaspi-ды сауда белгісін ұрлады деп сотқа берді

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Alaqan Group компаниясының Kaspi Bank пен ESIL ЖК-ға қарсы талабын өндіріске қабылдады. Компания тауар белгісіне қатысты айрықша құқықтың бұзылуын тоқтатуды талап етіп отыр. Бұл туралы ER10.kz хабарлады.

Арызданушы Alaqan компаниясының мәліметінше, Kaspi.kz компаниясы Kaspi Alaqan қызметінде Alaqan атты стартаптың атауы мен технологиясын көшіріп алған.

ER10 мәліметінше, сарапшылар «Alaqan» мен «Kaspi Alaqan» белгілері де тұтынушыларды шатастыратындай ұқсас. Сонымен қатар екі белгіге қатысты көрсетілетін қызметтер де өзара қиылысады.

Дегенмен бұл — сарапшылардың қорытындысы. Соттың түпкілікті шешімі әлі шыққан жоқ.

Сот Alaqan Group талабын қанағаттандырса, Kaspi-дің осы атауды пайдалануына қатысты маңызды құқықтық салдар туындауы мүмкін. Ал шешім компания пайдасына шықса, даудың сипаты өзгеруі ықтимал.