Қырғыз Республикасы бағытына алғашқы мұнай партиясы ағымдағы жылдың 15 тамызында жөнелтілді. Жалпы, 2026 жылғы тамыз айында Қазақстан аумағы арқылы Қырғызстанға 35 мың тонна мұнай жеткізілді.
Қырғыз Республикасы бағытындағы мұнай тасымалы «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы «Шағыр» мұнай құю пунктіне дейін жүзеге асырылады. Аталған пунктте мұнай теміржол цистерналарына құйылады.
Қырғызстан бағыты бойынша мұнай транзитінің іске қосылуы Қазақстан аумағы арқылы мұнай жеткізудің жаңа бағытын ашып, «ҚазТрансОйл» АҚ көрсететін тасымалдау қызметтер аясын кеңейтеді.