Ұлттық қордан алынатын қаражат әлден таусылған болуы мүмкін — Halyk Finance

Halyk Finance сарапшыларының бағалауынша, Ұлттық қордан бюджетке валюталық трансферттерді пайдалану қарқыны сақталса, жылдық лимит тамыздың соңына қарай таусылған броуы мүмкін. Бұл жағдай жыл соңына дейін Ұлттық қор қаражатын пайдалану параметрлерін қайта қарау қажеттігін арттырады.

Halyk Finance тамыздағы валюта нарығына арналған шолуында 2026 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттер көлемі 2,77 трлн теңгеге дейін қысқартылғанын атап өтті. Салыстыру үшін, 2025 жылы бұл көрсеткіш 5,25 трлн теңге болған.

Алайда 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша трансферттердің 84%-ы пайдаланылған. Қалған қаражат көлемі шамамен 450 млрд теңгені құрады.

Сарапшылардың есебінше, Ұлттық қор қаражатын пайдалану қарқыны өзгермесе, жылдық лимит тамыздың соңына қарай толық игерілуі мүмкін.

«Біздің бағалауымызша, Ұлттық қор қаражатын пайдаланудың қазіргі қарқыны сақталса, трансферттер бойынша жылдық лимит тамыздың соңына қарай таусылуға жақындаған мүмкін. Бұл жыл соңына дейін Ұлттық қор қаражатын пайдалану параметрлерін қайта қарау ықтималдығын арттырады», — деп атап өтті Halyk Finance сарапшылары.

Сарапшылардың пікірінше, Ұлттық қордан валюталық трансферттер көлемінің ықтимал шектелуі теңгенің нығаюына қосымша фактор болуы мүмкін.