Шоғырландырылған деректер бойынша, 2024 жылдың І жартыжылдығында сақтандыру компаниялары міндетті автосақтандыру шарттары (КҚИ АҚЖМС) бойынша 43,5 млрд теңгеден астам сыйлықақы жинады және 36,8 млрд теңгеге төлемдер жүзеге асырылды. Осылайша, сыйлықақылардың төлемдерге арақатынасы немесе сақтандырудың осы класының төлем коэффициенті 84,57% құрады, деп компания талдаушыларының деректеріне сілтеме жасай отырып,   «Евразия» СК баспасөз қызметі хабарлайды.

Міндетті автосақтандырудың залалдылық көрсеткіші Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) таргеттейтін залалдылық деңгейінен 70%-дан асады, бұл келесі жылы Қазақстанның көптеген өңірлерінде автосақтандыру құнының өсуіне алып келеді. Төлем коэффициенті сыни мәндерге жетті, бұл ретте бұл көрсеткіш сақтандыру компанияларының операциялық шығындарын, сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, филиалдық желіні қолдауға және IT-инфрақұрылымды өрістетуге арналған шығыстарды есепке алмайды. Осылайша, төлем коэффициенті шығындылықтың толық емес көрсеткіші болып табылады, бірақ сонымен бірге міндетті автосақтандыру нарығының ағымдағы жай-күйінің индикаторы ретінде қызмет етеді.

Аймақтардағы автосақтандырудың залалдығы бір бірінен ерекшеленеді: оған тіркелген автокөліктердің саны мен апаттық жағдай ғана емес, сонымен қатар ҚНРДА белгілеген сақтандыру тарифінің мөлшері де әсер етеді. Төлем коэффициенті өткен жылмен салыстырғанда барлық аймақтарда  өсті.


Төлем коэффициенті 109,5%-ға жеткен Қызылорда облысы неғұрлым шығынды өңір болып табылады, яғни сақтандыру компаниялары төлемдерді жүзеге асырғанға қарағанда  сыйлықақыны аз жинаған. Антикөшбасшылардың үштігіне Жамбыл және Ақтөбе облыстары да кірді, бұл көрсеткіш тиісінше 105,3% және 104,2% құрады. 100%-ға жақын жоғары мәндер Алматы облысында – 97,5%, Астанада – 96,7%, Түркістан облысында – 94,7%, Батыс Қазақстан облысында – 93,8%, Ақмола облысында – 93,7% тіркелді.  

Айта кетейік, төлем коэффициентін есептеу негізінде ғана 70% залалдылық бойынша таргетті,  Абай (67,2%), Атырау (57,7%), Жетісу (53,2%), Маңғыстау (62,5%), Павлодар (68%), Ұлытау (51,9%) және Шығыс Қазақстан облыстарын(67,8%), сондай-ақ Алматы (67,4%) қоспағанда, көптеген аймақтар бөлісті. Бұл аймақтардың көпшілігі сақтандырушылардың тікелей және жанама шығындарын ескере отырып, осы көрсеткіштен асып түсуі мүмкін.

«Қазақстанның 12 аймағында  міндетті автосақтандыру сақтандыру компаниялары үшін тиімсіз болып табылады және шығынға ұшырайды, бұл аймақтық  коэффициенттердің және тиісінше келесі жылы сақтандыру тарифтерінің өсуіне алып келеді. Бұл ретте міндетті автосақтандыру құны Атырау, Жетісу және Ұлытау облыстарында біршама төмендеуі мүмкін», – деп зерттеу нәтижелеріне «Евразия» СК талдаушылары түсініктеме береді.


Бірінші жартыжылдықта міндетті автосақтандыру бойынша жиынтық сыйлықақылар өткен жылмен салыстырғанда 2,59%-ға, 43,55 млрд теңгеге дейін (бұзушларды ескере отырып) өсті, бұл ретте төлемдер бірден 44,96%-ға, 36,83 млрд теңгеге дейін өсті.

Төлемдердің өсуіне бірінші кезекте жол-көлік оқиғалары (ЖКО) санының артуы әсер етті. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында сақтандыру компаниялары міндетті автосақтандыру шарттары бойынша ЖКО зардап шеккендерге 66 355 төлем жасады. Салыстыру үшін, өткен жылдың осы кезеңінде 45 202 төлем жасалды. Төлемдер саны 46,84%-ға өсті, бұл ретте еурохаттама  шеңберінде рәсімнің қолданысының алғашқы алты айында 4,2 мың төлем жүзеге асырылды, бұл олардың өсуіне шектеулі әсер етті.

ҚР ІІМ деректері бойынша 2023 жылдың 1 шілдесіне тіркелген автомобиль көлігінің саны 4,95 млн бірлікті құрағанын, ал 2024 жылдың 1 шілдесіне 5,5 млн  астам құрағанын, өсім 11,2%  құрағанын атап өту маңызды. Яғни, елдің автомобиль паркі міндетті автосақтандыру бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлеміне қарағанда  едәуір тез өсуде.

ЖКО-да зардап шеккен автомобиль иелеріне сақтандыру төлемінің орташа мөлшері 549,9 мың теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,23%-ға төмендеді. ЖКО-дағы залал үшін орташа төлемнің ең жоғары мөлшерін Түркістан облысы көрсетті – 662,9 мың теңге, ең төменгі көрсеткіш  – Абай облысында, 416,5 мың теңге.

Естеріңізге сала кетейік, ҚНРДА басқарманың 2024 жылғы 29 тамыздағы №71 Қаулысымен 01.01.2025 ж. бастап 65% деңгейінде міндетті автосақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін таргеттелетін залалдылықты бекітті, бұл ретте сенімділік факторы үшін 70% деңгейінде залалдылық қабылданатын болады.

Айта кетейік, ҚНРДА әдіснамасы бойынша есептелетін залал коэффициенті де шығын резервтерін қалыптастыруды қамтиды, осыны ескере отырып, міндетті автосақтандырудың залалдылығы төлем коэффициентімен салыстырғанда одан да жоғары мәндерді көрсетеді.

2024 жылдан бастап ҚНРДА  жыл сайынғы негізде міндетті автосақтандыру құнына әсер ететін аймақтық  коэффициенттердің мөлшерін белгілеуді  бастады. Мәселен, жаңа жылдан бастап КҚИ АҚЖМС полисінің құны Қазақстанның тоғыз аймағында (Алматы, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстары, Астана және Шымкент) өсті, сегіз аймағында – төмендеді (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, Маңғыстау, Павлодар, СҚО және Алматы), екі аймағында – өзгеріссіз қалды (Абай және Жетісу облыстары).