Демалыс уақыты мәселесі компанияның жоспары, жеке жағдайлар және мереке күнтізбесі сияқты бірқатар факторларға байланысты, деп хабарлайды HeadHunter.
Ең көп демалу үшін демалыс күндеріне жанастырып, аз күнде көп демалуға болады. Мысалы, демалыс және мереке күндерімен қатарластырып аз күн еңбек демалысын алсаңыз, жалпы демалдыс күніңіз созыла түседі. Ақшаға келгенде, жақсылап ойластыру керек.
2024 жылғы сәуір, шілде және қыркүйек сияқты жұмыс күндері ең көп (22 жұмыс күні) айларда еңбек демалысына шығу ұтымды. Керісінше, наурыз тек 17 жұмыс күнімен ең ұтымсыз ай. Бұл еңбек демалысы мен жұмыс істеген күндердің жалақысын есептеуге байланысты. Жалақы айдағы жұмыс күндерінің санына бөлінеді және жұмыс істеген күндеріне көбейтіледі.
Демалыс ақысын есептеу тек жұмыс күндері емес, күнтізбелік күндер негізінде есептелетін орташа күндік жалақыны анықтауды қамтиды. Егер демалыс тек жұмыс күндеріне (мысалы, дүйсенбі, сейсенбі және сәрсенбі) сәйкес келсе, адамға осы күндер үшін жалақыдан ұсталатын орташа күндік табысы бойынша ақы төленеді. Дегенмен, еңбек демалысы демалыс күндерін қосқанда тиімдірек болуы мүмкін: олар жұмыс күндері үшін төлемді азайтпайды, бірақ демалыс ақысын есептеу кезінде ескеріледі.