Қазақстанда үш ай қатарынан экономикаға салынған күрделі салымдар көлемі төмендеуде, бұл тураля Ұлттық статистика бюросы хабарлайды.

2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында бұл көрсеткіш 4,9 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда (5,1 трлн теңге) 6,5% аз. 

Инвестицияның басым бөлігі компаниялардың жеке қаражаты, 3,7 трлн теңге немесе жалпы көлемнің 74,6% (бір жыл бұрынғ78,5%). Бюджет қаражаты 12,1% (2023 жылы 12,4%), банктердің үлесі 3,9% (өткен жылы 2,1%) болды.

Инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (44,9%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (22%), көлік және қойма шаруашылығына (14,4%), сондай-ақ ауыл, орман және балық шаруашылығына (4%) келеді.