«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ 2024 жылдың бірінші тоқсанына арналған өндірістік нәтижелерін жариялайды.
2024 жылдың бірінші тоқсанына арналған негізгі өндірістік көрсеткіштер 2023 жылдың бірінші тоқсанымен салыстыра отырып:
- Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 1,7% өсіп, 6 064 мың тоннаны құрады;
- Мұнай тасымалдау көлемі 14,2%-ға ұлғайып, 21 541 мың тоннаны құрады;
- Қазақстандық және румыниялық МӨЗ-де көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеу көлемі 4 936 мың тоннамен салыстырғанда 4 626 мың тоннаны құрады.
2024 жылдың бірінші тоқсанындаҚМГ мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 1,7% артып, 6 064 мың тоннаға (тәулігіне 503 мың барр.) жетті. Ілеспе және табиғи газ өндіру көлемі (кері айдау көлеміне дейін) 4,6%-ға, 2 522 млн м³ дейін ұлғайды.
Теңізде мұнай өндіру 2,1% ұлғайды және 1 500 мың тоннаны (тәулігіне 132 мың барр.) құрады. Ілеспе газ өндіру 839 млн м³ құрап, 3,4%-ға өсті. Өндіруді ұлғайту ұңғымалардың жоғары өнімділігіне, екінші буын зауыттарының және технологиялық желілер кешенінің сенімді жұмысына, сондай-ақ зауыттардың өнімділігіне әсер ететін қолайлы қоршаған орта температурасына байланысты.
Қашағандағы мұнай өндіру көлемі 1,7%-ға төмендеп, ҚМГ үлесіне 780 мың тоннаны (тәулігіне 68 мың баррель) құрады. Төмендеу ілеспе газды кері айдау және өңдеу қуатының шектелуіне байланысты. Газ өндіру көлемі 501 млн м3 құрады, бұл 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткішке сай келеді.
Қарашығанақта мұнай мен конденсат өндіру көлемі 3,5%-ға ұлғайып, 291 мың тоннаны (тәулігіне 25 мың баррель) құрады. Газ өндіру 13,0%-ға артып, 638 млн м³ құрады. Өндірістің өсуі Орынбор газ өңдеу зауыты тарабынан шикі газды қабылдау мүмкіндігін қалпына келтіруімен түсіндірілді.
Операциялық активтердегі мұнай мен конденсат өндіру көлемі 2,2%-ға, 3 494 мың тоннаға (тәулігіне 279 мың барр.) дейін артты. Өсу көбінесе өткен жылдың қарашасында Доңға кен орнының 60% үлесін сатып алу есебінен болды. 2023 жылдың аяғында іске қосылған Батыс Қазақстан облысындағы Рожков газ конденсатты кен орнын ( «Урал Ойл энд Газ» ЖШС, ҚМГ үлесі – 50 %) өнеркәсіптік пайдаланудың арқасында газ өндіру 2,4%-ға, 543 млн м³ дейін артты.
Мұнайды магистральды және теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 14,2%-ға, 21 541 мың тоннаға дейін ұлғайды.