2023 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша, елімізде 528,6 мың заңды тұлға тіркелді, бұл былтырғыдан 4,4% көп.
Жұмыс істеп тұрған компаниялардың саны 7,6% өсіп, 422,1 мыңға жетті, жұмыс істеп тұрған компаниялардың үлесі 79,9%-ға жетті. Салыстыру үшін: былтыр сәйкес кезеңде жұмыс істеп тұрған компаниялардың үлесі 77,5%, 2020 жылы – 70,6%, 2017 жылы – 62,1% болған.
Жұмыс істеп тұрған компаниялардың көбі жеке кәсіпкерлік субъектілері: 357,5 мың кәсіпорын. Одан бөлек 40,1 мыңы шетелдік компания, 24,5 мыңы мемлекеттік кәсіпорын.
Өңірлер бойынша жұмыс істеп тұрған компаниялар ең көп Алматыда (115,3 мың кәсіпорын), Астанада (79,6 мың) және Шымкентте (23,4 мың).
Одан кейін Қарағанды (22,6 мың кәсіпорын) және Алматы (16,7 мың) облыстары.
Жұмыс істеп тұрған компаниялар ең аз жаңадан құрылған облыстарда – Ұлытау (2,7 мың), Жетісу (6,5 мың) және Абай (6,8 мың) облыстарында.
Кәсіпорындар ең көп жұмыс істейтін сала көтерме және бөлшек сауда; автокөлік пен мотоцикл жөндеу: 109 мың кәсіпорын (бір жылда 6,8% көбейген) немесе ҚР-ның 25,8%-ы.
Одан кейін құрылыс (53,4 мың, 2,6% көбейген), сондай-ақ кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет (28,4 мың, 3% көбейген).
Кәсіпорындар ең аз экстерриториялық ұйымдар мен органдардың қызметі саласында, сондай-ақ электр және сумен жабдықтау секторларында.