ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов жер қойнауын пайдаланушылардың 2022 және 2023 жылдарға арналған бюджетке қанша салық төлегені туралы айтты.
«Энергетика министрлігіне берілген лицензиялық-келісімшарт талаптарының орындалуы туралы есептерге сәйкес, 2022 жылы жер қойнауын пайдаланушылар бюджетке 13,3 трлн теңге, 2023 жылы 11,7 трлн теңге салық төлеген. Төлемдердің азаюы әлемдік нарықтағы баға конъюнктурасына байланысты. Қарапайым сөзбен айтқанда, мұнай бағасының өзгеруі», - деп түсіндірді вице-министр.
Ең ірі 5 салық төлеушінің қатарына «Теңізшевройл», «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.», «Өзенмұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз», «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. кіреді.