Бөлшек сауда көлемі 2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы көлемі 19 234,2 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 7,7% артық. Саудамен айналысатын кәсіпорындармен тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 12 957,2 млрд теңгені құрады немесе 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 12,1% жоғары.
Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 32,7% құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарларда – 67,3%.
Сату көлемінің ең көп өсуі азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша, атап айтқанда мотор отыны, автомобиль, косметикалық тауарлар және жеке жабдықтар, фармацевтика тауарлары, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, атомобильдерге арналған тетіктер, жейлер мен құрал-саймандар, аяқкиім, жиһаз және тұрмыстық электр құралдарын саудалайтын кәсіпорындарда байқалды.
2024 жылғы 1 қаңтарға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 521 млрд теңгені, сауда күндерінде 61 күнді құрады (2023 жылғы 1 қаңтарға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі – 1 378 млрд теңгені, сауда күндерінде 54 күн болған).
2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы (32,5%) және Астана қаласына (13,1%), Қарағанды (7,9%) және Шығыс Қазақстан (6,1%) облыстарына тиесілі.