2023 жылы маркетплейстерді ескергендегі бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық коммерция үлесі 12,7%, ақшалай мәнде 2 439,8 млрд теңгені құрады. Оның ішінде маркетплейс платформасы арқылы айналым 1 767,6 млрд теңгені (72,4%), жеке интернет-ресурсы бар бөлшек сауда кәсіпорындары арқылы 672,2 млрд теңгені (27,6%) құрады.
2023 жылы электрондық коммерция платформасын (маркетплейс) пайдаланатын кәсіпорындардың үлесі 79,7%, тауарлар мен қызметтерді меншікті Интернет-ресурс арқылы өткізетіндер – 30,3%, олардың ішінде 10% бөлшек электрондық коммерцияны (маркетплейс және меншікті Интернет-ресурс арқылы) жүзеге асырады.
Телефондар мен гаджеттер маркетплейстерде сатылған тауарлардың ең көп үлесін алады – 27,5%, одан кейін тұрмыстық техника – 11,6%, компьютерлік тауарлар мен бағдарламалық қамтамасыз ету – 10,1% және автокөлік тауарлары – 7,9%.
Маркетплейс арқылы көрсетілген қызметтер көлеміндегі ең үлкен үлес көлік орындарын брондау қызметтеріне – 38%, жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне – 37,4%, басқа топтарға кірмейтін өзге де қызметтерге – 14,5% тиесілі.
Маркетплейстердегі бөлшек тауарлар үшін орташа чек – 14 823 теңгені, көрсетілген қызметтер үшін – 2 553 теңгені құрады.
Тауарлар мен көрсетілген қызметтер ақысын төлеу тәсілдерінің ішінде ең қолайлысы дебеттік карта немесе электрондық банк аударымы (32,1%), қолма-қол төлеу (24,1%), интернет арқылы несие картасымен төлеу (22,2%), онлайн төлем жасау (13,5%), ұялы телефон (4,9%), сыйлық картасымен төлеу немесе бонустар немесе купондар бағдарламасының «ұпайлары» онлайн ваучері (3,2%) арқылы өтеу болды.
Тауарлардың жартысына жуығы (49,9%) сатып алушыға пошта қызметтері немесе басқа жеткізу әдістерін қолдана отырып жеткізілді, 31,5% – клиенттің өзі алып кетті, ал қалған 18,6% – веб-сайттан онлайн жеткізу қызметі немесе қолданба арқылы.