2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда кино-, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар, дыбыс жазбалар және музыкалық шығармаларды шығару саласында 68,1 млрд теңгеге қызмет көрсетілді, бұл өткен жылғыдан ақшалай 44,7% көп (ФКИ – 126,4%).
Өңірлер бойынша ең көп қызмет, ҚР жалпы көлемінің 58,9%-ы Алматыға тиесілі: 40,1 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 23%-ға артық. 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикалық көрсеткіштің 69,3%-ы осы қалаға тиесілі болған. Елорда екінші орында: 20 млрд теңге, жылдық өсім – 2,1 есе. Одан кейінгі орындарда Шымкент (1,9 млрд теңге), Ақтөбе (1,2 млрд теңге) және Қарағанды (710,1 млн теңге) облыстары.
Саладағы қызметтердің басым бөлігі фильмдер мен телебағдарламалар өндірісіне тиесілі: 35 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан 36,4% артық.
Фильм көрсету қызметінің көлемі 2,9 есе өсіп, 23,4 млрд теңгеге дейін, фильмдер мен телебағдарламалар жасауды аяқтау қызметінің көлемі 46,6% өсіп, 1,1 млрд теңгеге жетті.
Бұл ретте фильмдер мен бағдарламаларды тарату қызметінің көлемі, керісінше, 32,5% төмендеп, 8,3 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ дыбыс жазу қызметі мен музыкалық шығармаларды шығару да азайды: 19,9% төмендеп, 178,4 млн теңге болды.
Биыл наурыз айында кинотеатр қызметтерінің бағасы бір жыл ішінде 12,3% өсті.
Бағаның ең көп өсуі Ақмола облысында байқалды: бір жылда 66,7%. Одан кейін Батыс Қазақстан (27,7%) және Абай (25%) облыстары.
Бағаның ең аз жылдық өсімі Қызылорда (0,2%), Қарағанды (2,8%) және Атырау (3,9%) облыстарында тіркелді. Сонымен қатар, Шымкентте кинотеатр қызметінің құны 2,8% арзандады.