2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қор нарығын капиталдандыру 2022 жылғы қазанда 2,4%-ға немесе 0,9 трлн теңгеге (жыл басынан бері 15,6%-ға төмендеу) азайып, 37,3 трлн теңгені құрады.
Акциялар нарығын капиталдандыру 2,1%-ға немесе 0,5 трлн теңгеге 22,3 трлн теңгеге дейін азайды. Нәтижесінде жыл басымен салыстырғанда акциялар нарығын капиталдандырудың төмендеуі бір ай бұрынғы 20,7%-бен салыстырғанда 22,4%-ға дейін жеделдеді.
2022 жылғы қазанда KASE индексі 3 132,9 тармаққа дейін 1,6%-ға ұлғайды. 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 103 эмитенттің 117 акциясы болды, олардың 47 шығарылымы KASE Global секторында айналысқа жіберілді. Ағымдағы жылдың қазан айында акциялармен сауда-саттық көлемі қыркүйек айымен салыстырғанда 11,4%-ға немесе 1,7 млрд теңгеге төмендеп, 13,3 млрд теңгені құрады.
Корпоративтік облигациялар нарығының 2022 жылғы қазанда 2,8%-ға немесе 435,7 млрд теңгеге 15,0 трлн теңгеге дейін азаюы (жыл басынан бері 2,6%-ға төмендеу) аталған нарықтағы ақша-кредит талаптарын қатаңдату аясында қорландыру құнының қымбаттауы, сондай-ақ қолданыстағы шығарылымдарды өтеу нәтижесінде орын алды.
Ағымдағы жылдың қазан айында корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі екі есеге ұлғайды және 2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 922 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға артық.
2022 жылғы 1 қарашада KASE сауда-саттық тізімдерінде 87 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 343 шығарылымы болды.
2022 жылғы қазанда KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 4 есе немесе 416,7 млрд теңгеге 557,5 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2022 жылғы қазанда 1,2%-ға немесе 235,1 млрд теңгеге 19,8 трлн теңгеге дейін өсті.
2022 жылдың қазан айының қорытындылары бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі бір айда 20,4%-ға немесе 98,6 млрд теңгеге төмендеп, 385,5 млрд теңгені құрады. Бұл ретте мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 44,1%-ға немесе 101,5 млрд теңгеге 332,0 млрд теңгеге дейін өсті.
2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша ұжымдық инвестициялар нарығында 44 инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 22 аралық, 21 жабық және 1 ашық пай қоры.
Ұжымдық инвестициялар нарығында басқарудағы активтер негізінен шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарының құнын төмендету есебінен ағымдағы жылдың қазан айында 21,2 млрд теңгеге немесе 4,9%-ға азайып, 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 410,2 млрд теңгені құрады.
2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 375,3 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 91,5%-ын бағалы қағаздар портфелі құрады, оның 96,4%-ы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздардан тұрады.
Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымында 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 38 брокер мен дилер (15 банк және 23 банктік емес ұйым), 9 кастодиан банк, 20 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ 2 инфрақұрылымдық ұйым: KASE және бірыңғай тіркеуші және сауда репозиторийі функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі жұмыс істейді. Сонымен қатар, КASE негізінде орталық контрагент жұмыс істейді.
Ағымдағы жылдың қазан айында инвесторлар санының өсуі жалғасты. Депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 477 078 қосалқы шотқа дейін 33 999-ға немесе 7,7%-ға өсті (жыл басынан бері 116,6%-ға немесе 256,8 мың қосалқы шотқа өсті).
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері ағымдағы жылдың қазан айында 1,8%-ға ұлғайып, 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 532,9 млрд теңгені құрады (жыл басынан бері өсім – 5,5%). 2022 жылғы қазанда міндеттемелер 147,8 млрд теңгеге дейін 19,5%-ға өсті. Меншікті капитал 3,7%-ға немесе 14,8 млрд теңгеге 385,2 млрд теңгеге дейін төмендеді.