2021 жылы бензин, дизель және газ бағасы қаншалықты қымбаттады?

Елде газбен жүретін 3,8 млн көлік бар.

Биыл желтоқсанда жеке көліктерге жанармай бағасы 0,6% қымбаттады, ал жыл басынан бері 23,2% қымбаттады. 

Өңірлер бойынша ең көп қымбаттаған Алматы мен Алматы облысы. Онда бір айда баға 1,2% өсті.

Жыл басынан бері ең көп қымбаттаған БҚО-да 28,2% қымбаттады. Одан бөлек Ақмола облысында (26,3%) және СҚО-да  (26,2%) қымбаттады.  

Жанармай түрлерінің ішінде ең көп қымбаттағаны бензин (19,6%), соның ішінде АИ-92 (19,4%), АИ-98 (20,8%), АИ-95/АИ-96 (21,7%).

Дизель отыны (46,5%), соның ішінде жазғы дизель (32,5%), қысқы (62,8%) өсті.

Ал жыл басынан бері газ бағасы (12,9%) қымбаттады.

2021 жылдың 1 қарашадағы мәлімет бойынша елде қазір 3,8 млн жеңіл көлік газбен жүреді.