Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы нәтижелер мен жоспарлар туралы баяндады.
Аумақты геологиялық-геофизикалық зерделеуге қатысты қамту ауданы – 1910 мың шаршы шақырымды құрады. Осылайша, қолға алынған геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде 25 кен орны алғаш рет мемлекеттік есепке алынды.
Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында геологиялық барлауға қажет қолжетімді аумақтың ашылуы қатты пайдалы қазбаларды барлау мақсатындағы жеке инвестициялардың 2,5 есе өсуін қамтамасыз етті.
Жер қойнауын пайдалануға инвестициялар тарту үшін алаңдарды геологиялық жете зерттеу жұмыстары аяқталды, оның қорытындысы бойынша елді қамту ауданы 100%-ды немесе 1255,5 мың км2 құрады.
Қолда бар деректер бойынша, геологиялық барлауға тартылған жеке инвестициялар арту үрдісін және бизнестің жер қойнауының перспективалы учаскелерін іздеуге инвестициялауға үлкен қызығушылық танытып отырғандығын көрсетіп отыр.
Жер қойнауын пайдалану құқығына аукциондар өткізу жұмысындағы табысқа баса назар аударылуда. «E-Qazyna.kz» цифрлық платформасын енгізудің арқасында аукциондар енді электронды форматта өткізіліп, олардың ашықтығы мен қолжетімділігі қамтамасыз етілді.
Қазақстанда Arras Minerals (Tech-тің 10% үлесі), Riotinto, IG Kazakhstan, Fortescue, East Star Resources және Pallas resources (BHP қаржыландырады), Sarytogan Graphite, Esan Eczacibasi және т. б. жұмыс істейді. Алдын ала болжам бойынша олардың барлауға салымдары кемінде 41 млрд теңгені құрайды және әлеуметтік міндеттемелер - 7,8 млрд теңге, бұл тек 25 мың км2 учаскедегі көлем болып табылады.
"Riotinto және Fortescue-ні есептегенде, ірі әлемдік компаниялардың аукциондарға қатысуы әлеуетті ресурстарға бай, алайда әзірге Қазақстанда игерілмеген кен орындарын зерттеу мүмкіндігі үшін бәсекелестіктің күшеюін көрсетеді. Ресурстар әлі табылмаған және зерттеудің бастапқы кезеңінде мүмкіндіктері бар аймақтардағы геологиялық барлау құқықтары үшін бұл бәсеке біздің елімізге үлкен болашағы бар орын ретінде сенімділік пен қызығушылықты көрсетеді", – деп атап өтті Министр.
Сонымен қатар, Қанат Шарлапаев 100 кен орны бойынша аукциондар өткізуді қамтитын жоспарымен бөлісті. Бұл кен орындарының көпшілігі жақында заңсыз жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған шарттарды тексеру барысында мемлекетке қайтарылды. Мұндай кешенді жұмыс қазіргі уақытта пайдаланылмайтын бірқатар кен орындарында өндірісті қалпына келтіруге жол ашады, ал ол өз кезегінде саланы нығайтуға және осы кен орындарын дамыту үшін инвестициялар тартуға ықпал етеді.