2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында 478,4 млн теңгенің зергерлік бұйымдары өндірілді, былтыр осы уақытта көрсеткіш 451,3 млн теңге болған еді.
Өңірлер бойынша ең көп өндіріс Алматы қаласында. Республиканың 43,3%-ы оңтүстік астанаға тиесілі.
Үздік үштікке сондай-ақ елорда (117,8 млн теңге) және Қарағанды облысы (98,7 млн теңге) кірді.
Жалпы, 2021 жылы секторда 1,6 миллиард теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық көп.
2022 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында зергерлік бұйымдар мен сағаттардың құны бір айда 1,8%-ға, бір жылда 35,3%-ға өсті. Оның ішінде алтын неке жүзіктері бір жылда 38,9%-ға, қол сағаттары 15,2%-ға қымбаттады.