«Наурыз» ипотекасы ішінара Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасына қаржыландырылды. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтың депутаттық сауалға берген жауабында айтты.

Зейнетақы активтерін басқарушы Ұлттық банк «Отбасы банкінің» облигацияларына 150 млрд теңге инвестициялағаны атап өтілді. Естеріңізге сала кетейік, шілде айында банк «Наурыз» бағдарламасына қаражат тарту үшін алғашқы облигацияларды орналастырған болатын. Барлығы 1,7 трлн теңгеге облигациялар шығару жоспарлануда. Биыл – 300 млрд теңгеге. «Наурыз» бағдарламасы бойынша банк 68 мыңға жуық қазақстандықты баспанамен қамтуды жоспарлап отыр.

Бұл ретте Премьер-министр тұрғын үй құрылысына инвестиция салуда қатерлерді де көріп отыр.

«Әлеуметтік жылжымайтын мүлік құрылысына қомақты қаражатты инвестициялау теріс рентабельділікпен, инвестицияның төмен кірістілігімен, жылжымайтын мүлік нарығының тұрақсыздығымен, сондай-ақ олардың тиімділігін көрсететін қолданыстағы мемлекеттік қолдау құралдары тізбесінің болуымен байланысты белгілі бір мерзімде бірқатар қатер тудырады», – делінген министрлер кабинеті басшысының жауабында.

Осы тетік бойынша Бірыңғай зейнетақы қорынан инвестиция көлемін одан әрі ұлғайту қажет және мұқтаждарды баспанамен қамтамасыз ету үшін қарастырылатын болады, деп атап өтті Премьер-Министр.