2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 15,7 трлн теңге. Соның ішінде ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,37 млрд теңге.

ҚР ҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ҚРҰБ зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары келесідей:

  • ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 47,38%,
  • квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 10,86%,
  • Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары мен депозиттері – 6,98%,
  • шет мемлекеттердің МБҚ – 4,60%,
  • халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары – 2,43%,
  • қазақстандық эмитенттердің корпоративтік облигациялары - 0,10%.

Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мынадай көрініске ие:

  • ұлттық валютадағы инвестициялар – 70,89%,
  • АҚШ долларында – 29,06%,
  • басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,05%.

Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кірістер, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 508,96 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша - 25,43 млрд теңге, өзге кірістер – 1,59 млрд теңге болды. Бұл ретте шетел валютасын қайта бағалау 54,16 млрд теңге мөлшерінде шығын әкелді.

Осылайша, зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін құралдар, салалар және валюталар бойынша әртараптандыру есебінен 2023 жылғы сәуірдегі жалпы табыс оң болды.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық табыс мөлшері 2023 жылдың басынан бастап 481,82 млрд теңгеге жетті.

 2023 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 4,20% мөлшерінде болған кезде 3,13% көрсетті.

Бұл ретте 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін зейнетақы активтерінің табыстылығы соңғы 12 айда (2022 жылғы мамырдан 2023 жылғы сәуірге дейін) 8,93% болды.

Инвестициялық портфельді басқарушылар

ИПБ басқаруындағы қаржының жалпы көлемі – 9,37 млрд теңге.

01.05.2023 ж. жағдай бойынша «Jusan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 4,13 млрд теңге болды.

 Компанияның ең маңызды салымдары: ҚР ҚМ МБҚ - 35,29%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 32,73%, ҚРҰБ ноттары - 21,87%; шет мемлекеттердің МБҚ - портфельдің 8,80%. Атап кетейік, портфельдің 58,40% теңгемен; 41,60% - АҚШ долларымен ұсынылған.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2023 жылы есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 222,61 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 5,10%.

"Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.05.2023 ж.жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 2,56 млрд теңге.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) 32,65%; ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 19,65%; шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 14,84%; МҚҰ облигациялары – 9,92%, ҚРҰБ ноттары – 9,23%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 6,94%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 78,19%, АҚШ долларымен 21,81% құрады.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кірістің мөлшері – 115,26 млн теңге. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 4,09%.

"Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

"BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 1,44 млрд теңге.

Инвестициялардың негізгі бағыттарының ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: ҚР мемлекеттік облигациялары - 27,46%; Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары - 16,11%; пайлар (индекстерге арналған ETF) – 10,42%, МҚҰ облигациялары - 5,91%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары - 5,29%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – портфельдің 4,36%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 28,53%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 76,91%, АҚШ долларымен   23,09% инвестицияланды.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 56,76 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 3,47%. Есептелген инвестициялық кірістің көп бөлігі бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО"операциялары бойынша сыйақыдан түсті.

"BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымын БЖЗҚ сайтынан көре аласыздар.

"Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 994,32 млн теңге.

Активтердің 61,81%-ы ҚР ҚМ МБҚ-на инвестицияланды; инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат 11,52%; Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 8,76%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары – 8,66%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 77,99%, АҚШ долларымен 22,01% инвестицияланды.

Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық табыс мөлшері 32,12 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі - 2,98%.

"Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша "Halyk Finance "Қазақстан Халық Банкі ЕҰ" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 248,53 млн теңге.

Портфель құрылымындағы инвестициялар мынадай: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) 60,85%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 12,00%, МҚҰ – 6,81%, ҚРҰБ ноттары – 6,81%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,91%.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 100% инвестицияланды. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 6,16 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 4,81%.

"Halyk Finance "Қазақстан Халық Банкі ЕҰ" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.