Соңғы кездері зейнетақы активтерін басқару тақырыбы қазақстандықтардың қызығушылығын арттырып отыр. Халық зейнеткерлікке шығу жолында жинақтарын сақтау және оны көбейту туралы көп ойлана бастады. Сондай-ақ, инфляциялық шығындарға тап болмау жағын қарастыратын болды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) мәліметіне сәйкес, зейнетақы активтерін басқарумен айналысатын компаниялар нарықтағы тұрақсыздықтарға қарамастан оң нәтиже көрсетіп келеді.
Соның ішінде, әсіресе, Jusan Invest-ті атап өтуге болады. Онлайн-брокер зейнетақы активтерін басқарушылар арасында табысы жөнінен 11,74% нәтижемен бірінші орынға шыққан. Бұл — осы жылдың сегіз айының қорытындысы. Мұндай көрсеткіш аталған кезеңдегі 5,3%-дық инфляциядан айтарлықтай асып түскен.
Jusan Invest мұндай табысқа қалай қол жеткізді?
Зейнетақы активтерін басқару кезінде Jusan Invest «Тәуекел Паритеті» стратегиясын ұстанады. Мәселен, белгілі бір активтердің дәрежесі төмендеп жатса, екіншісі құлдыраудың орнын толтырып, портфельдің жалпы өнімділігіне оң әсерін тигізеді. Активтердің бөлінуіндегі негізгі стратегия осы. Сондай-ақ, портфельге жоғары табысты активтер кіреді. Ал бұл «қорғалған» құралдарға қарамастан, бағалы қағаздар нарығының өсу кезеңдерінде жоғары табыстылықты сақтайды.
Портфель кірісіне 2024 жылы оң әсер еткен негізгі инвестициялық шешімдерді атап өтсек:
- Валюталық ұстанымды арттыру. Jusan Invest 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін АҚШ доллары құралдарының үлесін 33,92%-дан 40,66%-ға дейін жыл бойы ұлғайтты. Бұл ретте, кіріс тек купондар мен құн өсімінен ғана емес, валютаны қайта бағалаудан да келді.
- Теңгелік облигациялар портфелінің мерзімін ұзарту. ҚР Ұлттық Банкі тарапынан қаржы-несиелік саясаттың бәсеңдеуін күтіп, компания теңгелік облигацияларды өтеу мерзімін ұлғайтты, кірісті арттырды. 2024 жылы ҚРҰБ базалық мөлшерлемені 15,75%-дан 14,25%-ға дейін төмендетті.
- Долларлық облигациялар портфелінің мерзімін ұзарту. Мұнда да компания АҚШ долларлық қазынашылық облигацияларының өтеу мерзімін ұлғайтты. Нәтижесінде қайта бағалаудың оң динамикасына қол жеткізілді.
2024 жылы портфельде қандай өзгерістер болды?
Jusan Invest портфеліндегі негізгі үлесті 31,69%-бен бұрынғыша ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік облигациялары алып отыр. Биыл квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары мен шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың акциялары қосылып, үлесі 2,4%-ға дейін өсті.
2024 жылдың тамызында қандай өзгерістер болды?
Тамыз айында теңге бағамы бір АҚШ долларына 480 теңге болған кезде компания долларлық құралдардың үлесін 32,38%-ға дейін төмендетіп, валюталық позициясын төмендете бастады. Бұл қаражат теңгедегі корпоративтік облигацияларды сатып алуға жұмсалды.
Jusan Invest-ті қандай зейнетақы қорлары шабыттандырады?
Jusan Invest акцияларды белсенді түрде инвестициялайтын Норвегияның зейнетақы қоры және консервативті, бірақ тиімді тәсілімен танымал Малайзия қоры сияқты табысты жаһандық мысалдарды басшылыққа алады.
Жылжымайтын мүлік немесе зейнетақы активтері: 2024 жылы қайсысы көбірек табыс әкеледі?
Қазақстандықтардың дені жылжымайтын мүлікті инвестициялаудың сенімді тәсілі ретінде қарастырады. Дегенмен, мұндай стратегияны ұстану жылжымайтын мүлік нарығының қазіргі жағдайына сәйкес келетініне күмән бар. БЖЗҚ мәліметінше, зейнетақы активтерін басқаратын компаниялар нарықтағы құбылыстарға қарамастан, жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Мысалы, Jusan Invest-тің 2024 жылдың алғашқы сегіз айындағы жылдық кірісі 11,74%-ға жетті. Атап айтсақ, өткен жылдың қыркүйегінде 1% ғана болған жылжымайтын мүлік бағасының өсімінен асып түсті. Алматы, Қарағанды және Қызылорда сияқты еліміздің 11 ірі қаласында жыл басынан бері тұрғын үй бағасы 1,9-2,5% төмендеп, жылжымайтын мүлік нарығы инвесторлар үшін тартымды болмауына әсер етті.
Болашаққа жоспар
Jusan Invest «Тәуекел Паритеті» стратегиясын ұстануды жалғастырмақ. Сонымен қатар, теңге бағамының болжамына және Қазақстан Ұлттық Банкінің саясатына байланысты портфельдегі теңгелік құралдардың үлесін түзетіп отырады.
Компаниялар зейнетақы активтерін қалай басқарады?
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын жеке компаниялардың басқаруына береді. Олар активтерді сауатты бөлу арқылы салымшылардың қаражатын сақтау ғана емес, көбейтуге де міндеттелген. Jusan Invest Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына, АҚШ қазынашылық міндеттемелеріне және шетелдік және қазақстандық эмитенттердің корпоративтік облигацияларына инвестициялап, 9,314 млрд теңгенің активтерін басқарады. Портфель АҚШ технологиялары, денсаулық сақтау және тұтынушылық өнім секторларындағы акциялар мен ETF-терді қамтиды.
Табыстылықтан Jusan Invest неліктен көшбасшы?
Компания табысының кілті ретінде активтерді басқарудың икемді стратегиясын атауға болады. Ол нарықтық тәуекелдерді терең талдауға және әртараптандыруға негізделген. Бұған қоса, компания табыстылықты арттыру үшін валютаны қайта бағалау құралын да белсенді қолданады. Осы факторға байланысты 2024 жылдың шілдесінде активтердің өсімі 1,18%-ға жетті.
Тимур Салимов, Jusan Invest Басқарма Төрағасы:
«Біз валюта портфелінің маңызды бөлігін әдейі ұстауды жалғастырамыз, өйткені зейнеткерлік жинақтарды ұзақмерзімді инвестиция ретінде қарастырамыз. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында валюталық активтер сенім береді және клиенттерімізге өз қаражаттарын үнемдеуге және өсіруге мүмкіндік береді».
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын Jusan Invest-ке қалай аудара алады?
Зейнетақы жинақтарын Jusan Invest басшылығына аудару үшін сізге:
1. Веб-сайт немесе мобильді қосымша арқылы БЖЗҚ жеке кабинетіне кіру қажет;
2. Jusan Invest басқарушы компаниясын таңдау керек;
3. Аударымды растау керек.
Осы қадамдардан кейін салымшылар БЖЗҚ жеке кабинеті арқылы табысын бақылап, қажетті есептерді жүктеп ала алады.
Jusan Invest өз клиенттеріне jusaninvest.kz сайтында зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы тұрақты есептерді ұсынады. Бұл инвесторларға ағымдағы жағдайдан толыққанды хабардар болуға мүмкіндік береді.